https://sputnik.kz/20260626/qazaqstandyq-galymdar-sauyn-tuyelerge-arnalgan-zhusan-negizindegi-qospa-azirledi-64466508.html
Қазақстандық ғалымдар сауын түйелерге арналған жусан негізіндегі қоспа әзірледі
Қазақстандық ғалымдар сауын түйелерге арналған жусан негізіндегі қоспа әзірледі
Sputnik Қазақстан
Бұл әзірлеме әсіресе құрғақ климат жағдайындағы өңірлер үшін өзекті 26.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-26T13:52+0500
2026-06-26T13:52+0500
2026-06-26T14:03+0500
сүт өнімдері
ауыл шаруашылығы
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64466204_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_96a757dbac5e4552de44dd9af825c83f.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанда түйе сүтінің өнімділігін арттыратын бірегей құрама жем әзірленді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жусан негізіндегі биологиялық белсенді қоспасы бар, сауын түйелерге арналған алғашқы отандық экструзияланған құрама жемді әзірледі.Бұл әзірлеменің елімізде баламасы жоқ және оның тиімділігі ғылыми зерттеулер барысында дәлелденді.Әзірлеменің басты ерекшелігі – Қазақстан аумағында кең таралған жусан өсімдігі негізінде дайындалған биологиялық белсенді қоспаны пайдалануында. Бұл әзірлеме әсіресе құрғақ климат жағдайындағы өңірлер үшін өзекті. Себебі түйе шаруашылығы мұндай аймақтарда мал шаруашылығының ең төзімді әрі болашағы зор бағыттарының бірі болып саналады.Жаңа құрама жемді өндіріске енгізу түйе сүтін өндіру тиімділігін арттыруға және жем өндірісінде отандық өсімдік шикізатын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260216/qazaqstandyq-galymdar-diabet-pen-zhurek-auruyn-boldyrmaytyn-tangy-as-azirlep-zhatyr-61207805.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64466204_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_1377a36cbc86d4d91a1d84a268438b39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, ғалымдар
сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, ғалымдар
Қазақстандық ғалымдар сауын түйелерге арналған жусан негізіндегі қоспа әзірледі
13:52 26.06.2026 (жаңартылды: 14:03 26.06.2026) Бұл әзірлеме әсіресе құрғақ климат жағдайындағы өңірлер үшін өзекті
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанда түйе сүтінің өнімділігін арттыратын бірегей құрама жем әзірленді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жусан негізіндегі биологиялық белсенді қоспасы бар, сауын түйелерге арналған алғашқы отандық экструзияланған құрама жемді әзірледі.
Бұл әзірлеменің елімізде баламасы жоқ және оның тиімділігі ғылыми зерттеулер барысында дәлелденді.
"Төрт апта бойы ғалымдар жаңа құрама жемнің жануарлардың сүт өнімділігіне әсерін бақылады. Нәтижесінде тәжірибелік топтағы жануарлардың орташа тәуліктік сүт сауымы бір басқа шаққанда 100 мл-ге артқаны анықталды. Сонымен қатар сүттің сапалық көрсеткіштері де жақсарды: майлылығы 1,92%-ға, ақуыз мөлшері 1,52%-ға, ал майсыз құрғақ сүт қалдығының (СОМО) үлесі 0,91%-ға өсті", - деп жазылған хабарламада.
Әзірлеменің басты ерекшелігі – Қазақстан аумағында кең таралған жусан өсімдігі негізінде дайындалған биологиялық белсенді қоспаны пайдалануында. Бұл әзірлеме әсіресе құрғақ климат жағдайындағы өңірлер үшін өзекті. Себебі түйе шаруашылығы мұндай аймақтарда мал шаруашылығының ең төзімді әрі болашағы зор бағыттарының бірі болып саналады.
Жаңа құрама жемді өндіріске енгізу түйе сүтін өндіру тиімділігін арттыруға және жем өндірісінде отандық өсімдік шикізатын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, дейді министрлікте.