https://sputnik.kz/20260918/atyraudagy-munay-kompaniyasyna-14-mlrd-tenge-ayyppul-salyndy-66786946.html
Атыраудағы мұнай компаниясына 1,4 млрд теңге айыппұл салынды
Атыраудағы мұнай компаниясына 1,4 млрд теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптары бұзылған 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T16:29+0500
2026-09-18T16:29+0500
2026-09-18T16:29+0500
мұнай
компания
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында "Потенциал Ойл" ЖШС-не қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзғаны үшін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.Тексеру барысында компанияның қоршаған ортаға тиісті бақылау жүргізбегені анықталған. Атап айтқанда, ағынды суларды бақылау талаптары сақталмаған және міндетті экологиялық есептер тапсырылмаған.Бұдан бөлек, топырақтың ластанғаны және түбінде шлам жиналғаны анықталды. Қалдықтарды басқару бағдарламасы кәсіпорында іс жүзінде түзілген қалдықтардың көлемі мен түрлеріне сәйкес келмеген."Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. "Потенциал Ойл" ЖШС бұл шараларға сотта шағымданды. Алайда бірінші және апелляциялық соттар компанияның талаптарын қанағаттандырмады. Қазіргі уақытта мемлекетке жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар толық өндірілді", – деді Экология министрлігі.
https://sputnik.kz/20250729/tenizshevroyl-kompaniyasyna-600-mln-tengeden-astam-ayyppul-salyndy-56019817.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, компания, айыппұл
Атыраудағы мұнай компаниясына 1,4 млрд теңге айыппұл салынды
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптары бұзылған
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында "Потенциал Ойл" ЖШС-не қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзғаны үшін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Тексеру барысында компанияның қоршаған ортаға тиісті бақылау жүргізбегені анықталған. Атап айтқанда, ағынды суларды бақылау талаптары сақталмаған және міндетті экологиялық есептер тапсырылмаған.
"Сонымен қатар ластаушы заттардың шығарындыларына және жекелеген жұмыс түрлерін орындауға тиісті экологиялық рұқсат болмаған. Белгіленген шығарындылар лимиттері асып кеткен, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптары бұзылған", – деп хабарлады министрлік.
Бұдан бөлек, топырақтың ластанғаны және түбінде шлам жиналғаны анықталды. Қалдықтарды басқару бағдарламасы кәсіпорында іс жүзінде түзілген қалдықтардың көлемі мен түрлеріне сәйкес келмеген.
"Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. "Потенциал Ойл" ЖШС бұл шараларға сотта шағымданды. Алайда бірінші және апелляциялық соттар компанияның талаптарын қанағаттандырмады. Қазіргі уақытта мемлекетке жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар толық өндірілді", – деді Экология министрлігі.