"Теңізшевройл" компаниясына 600 млн теңгеден астам айыппұл салынды

© пресс-служба МинэнергоТОО "Тенгизшевройл"
ТОО Тенгизшевройл  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. "Теңізшевройл" компаниясына 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты бірқатар өрескел заңбұзушылықты анықтады.
"Теңізшевройл" ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған", - дейді ведомстводағылар.
Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды, дейді прокурорлар. Компанияның үстінен әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді.
Рабочий в каске - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
"Теңізшевройл" жұмыстан заңсыз шығарды": Атырауда көпбалалы әке әділдік іздеп жүр
Жаңалықтар
0