https://sputnik.kz/20260918/astanaga-keletin-turister-sany-zharty-zhylda-12-ga-artty-66791564.html
Астанаға келетін туристер саны жарты жылда 12%-ға артты
Астанаға келетін туристер саны жарты жылда 12%-ға артты
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын елордаға 1,6 миллионнан астам турист келеді 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T21:02+0500
2026-09-18T21:02+0500
2026-09-18T21:02+0500
туристер
астана
https://sputnik.kz/img/21/10/211038_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_f34f9f6996e0eb4bd8079e63f256df9b.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Астанаға шамамен 830 мың турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Оның ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдік туристер.Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов елордада өтіп жатқан Kazakhstan Travel Forum 2026 халықаралық туристік форумының ашылуында айтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Жыл сайын елордаға 1,6 миллионнан астам турист келеді. Орта есеппен қалаға келетін туристер саны жыл сайын 10–12%-ға артып отыр.Іс-шара туризмін дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Ірі халықаралық концерттер, спорттық жарыстар, іскерлік және мәдени іс-шаралар елордаға қосымша туристік ағын тартуға және қонақтардың қалада болу ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260731/ortalyq-aziyada-turizm-qarqyn-aldy-qazaqstan-men-ozbekstan-kosh-bastap-tur-65338299.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/21/10/211038_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_2166213aaa6ec03113091cc8ba80fe6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, астана
Астанаға келетін туристер саны жарты жылда 12%-ға артты
Жыл сайын елордаға 1,6 миллионнан астам турист келеді
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Астанаға шамамен 830 мың турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Оның ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдік туристер.
Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов елордада өтіп жатқан Kazakhstan Travel Forum 2026 халықаралық туристік форумының ашылуында айтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жыл сайын елордаға 1,6 миллионнан астам турист келеді. Орта есеппен қалаға келетін туристер саны жыл сайын 10–12%-ға артып отыр.
"Астана әлдеқашан тек жұмыс бабымен келетін қала болудан қалды. Бүгінгі міндетіміз – қонақтың Астанаға концертке немесе іскерлік кездесуге келіп қана қоймай, қалада ұзағырақ аялдап, кейін қайта оралуына жағдай жасау. Қазір әлем қалалары дәл осындай турист үшін бәсекеге түсуде және Астана бұл бәсекеге белсенді қатысып келеді", - деді Евгений Глотов.
Іс-шара туризмін дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Ірі халықаралық концерттер, спорттық жарыстар, іскерлік және мәдени іс-шаралар елордаға қосымша туристік ағын тартуға және қонақтардың қалада болу ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.