https://sputnik.kz/20260731/ortalyq-aziyada-turizm-qarqyn-aldy-qazaqstan-men-ozbekstan-kosh-bastap-tur-65338299.html
Орталық Азияда туризм қарқын алды: Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр
Орталық Азияда туризм қарқын алды: Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр
Sputnik Қазақстан
Орталық Азия туризмнің даму қарқыны бойынша әлемде алдыңғы қатарға шықты 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T08:00+0500
2026-07-31T08:00+0500
2026-07-31T08:00+0500
орталық азия
туризм
қазақстан
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/697/92/6979291_0:112:1200:787_1920x0_80_0_0_29a1bd6894f3bf50d492fdeb6fc5a7a5.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Кейінгі жылдары Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан туризмсаласындағы инвестиция көлемін арттырып, инфрақұрылымды жетілдіріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде өз нәтижесін бере бастады, деп хабарлады Ranking.kz.World Travel & Tourism Council (WTTC) ұйымының кешенді есебіне сәйкес Орталық Азияда туризмнің жалпы ішкі өнімге қосқан жалпы үлесі бір жыл ішінде 17,7%-ға артты. Салыстырсақ, Солтүстік-Шығыс Азияда бұл көрсеткіш 8,7%-ға, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда 7,6%-ға өсті.Шетелдік туристердің шығындары бойынша да, яғни, халықаралық саяхатшылардан түсетін түсімдерді көрсететін Visitor Exports көрсеткіші бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді. 2025 жылы Орталық Азияда бұл көрсеткіш 26,4%-ға артты. Салыстырайық, Солтүстік-Шығыс Азияда өсім 10,6%-ды, ал Океанияда 8,3%-ды құрады.Бұдан бөлек, Орталық Азия туризмге салынған инвестициялардың өсу қарқыны бойынша әлемдегі үздік үш өңірдің қатарына енді. Бір жыл ішінде өңірдегі туризм саласына бағытталған инвестициялар көлемі 12,4%-ға артты.Туризмнің Орталық Азия экономикасындағы үлесі артып келеді2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм секторының Орталық Азия экономикасына қосқан жиынтық үлесі 20,1 млрд АҚШ долларын немесе өңір экономикасының жалпы көлемінің 4,3%-ын құрады. Салыстырсақ, пандемияға дейінгі 2019 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд АҚШ долларын немесе экономиканың 4,5%-ын құраған.Осылайша, алты жыл ішінде туризмнің экономикаға қосқан үлесі ақшалай мәнде 27,1%-ға артты. Сонымен қатар саланың өңір экономикасындағы үлесі аздап төмендеп, 4,5%-дан 4,3%-ға дейін қысқарды.Туризм саласында 1,7 млн адам жұмыспен қамтылғанТуризм саласы өңір экономикасын қалыптастырумен қатар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. 2025 жылы Орталық Азияда туризм секторы шамамен 1,7 млн жұмыс орнын қамтамасыз етті. Бұл өңірдегі жалпы жұмыспен қамтудың 5,8%-ына тең.Көрсеткіштердің динамикасы төмендегідей:Басқаша айтқанда, бүгінде Орталық Азиядағы әрбір 17-інші жұмыс орны туризм саласына тиесілі. Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада бұл саланың еңбек нарығындағы рөлі айтарлықтай күшеюі мүмкін.Болжамға сәйкес 2036 жылға қарай өңірдегі туризм саласындағы жұмыспен қамту 2,2 млн жұмыс орнына дейін ұлғаюы ықтимал. Бұл 2026–2036 жылдар аралығында қосымша шамамен 400 мың жұмыс орны ашылады дегенді білдіреді.Орталық Азияға келетін туристік ағынды қалыптастыратын елдерWTTC деректеріне сәйкес 2025 жылы Орталық Азияға туристер ең көп келген елдер:Орталық Азия тұрғындары қай елдерге демалуға барады2025 жылы Орталық Азия тұрғындары ең көп таңдаған бағыттар Өзбекстан мен Қазақстан болды: 25% және 23%. Одан кейін Қырғызстан (18%), Ресей (16%) және Түркия (6%) елдері орналасқан.Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан өңірдің туризм нарығында жетекші орынға ие. Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияға келетін туристік ағынның негізгі бөлігін қалыптастырып қана қоймай, өңір тұрғындары ең жиі баратын туристік бағыттардың қатарында да көш бастап тұр.
https://sputnik.kz/20251220/turizm-ministrligi-aqmola-oblysynyn-uzdik-10-demalys-ornyn-tanystyrdy-59758614.html
орталық азия
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/697/92/6979291_151:0:1200:787_1920x0_80_0_0_6505399706116e30af7173744bcd9f23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия, туризм, қазақстан, өзбекстан
орталық азия, туризм, қазақстан, өзбекстан
Орталық Азияда туризм қарқын алды: Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр
Орталық Азия туризмнің даму қарқыны бойынша әлемде алдыңғы қатарға шықты
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Кейінгі жылдары Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан туризмсаласындағы инвестиция көлемін арттырып, инфрақұрылымды жетілдіріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде өз нәтижесін бере бастады, деп хабарлады
Ranking.kz. World Travel & Tourism Council (WTTC) ұйымының кешенді есебіне сәйкес Орталық Азияда туризмнің жалпы ішкі өнімге қосқан жалпы үлесі бір жыл ішінде 17,7%-ға артты. Салыстырсақ, Солтүстік-Шығыс Азияда бұл көрсеткіш 8,7%-ға, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда 7,6%-ға өсті.
"Сонымен қатар Орталық Азия туризм саласындағы жұмыспен қамтудың өсу қарқыны бойынша әлемде көш бастады. Бір жыл ішінде саладағы жұмыс орындарының саны 9,5%-ға көбейді. Ал Сахараның оңтүстігіндегі Африкада өсім 4,8%-ды, Солтүстік Африкада 4,6%-ды құрады", - деп жазды портал.
Шетелдік туристердің шығындары бойынша да, яғни, халықаралық саяхатшылардан түсетін түсімдерді көрсететін Visitor Exports көрсеткіші бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді. 2025 жылы Орталық Азияда бұл көрсеткіш 26,4%-ға артты. Салыстырайық, Солтүстік-Шығыс Азияда өсім 10,6%-ды, ал Океанияда 8,3%-ды құрады.
Бұдан бөлек, Орталық Азия туризмге салынған инвестициялардың өсу қарқыны бойынша әлемдегі үздік үш өңірдің қатарына енді. Бір жыл ішінде өңірдегі туризм саласына бағытталған инвестициялар көлемі 12,4%-ға артты.
Туризмнің Орталық Азия экономикасындағы үлесі артып келеді
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм секторының Орталық Азия экономикасына қосқан жиынтық үлесі 20,1 млрд АҚШ долларын немесе өңір экономикасының жалпы көлемінің 4,3%-ын құрады. Салыстырсақ, пандемияға дейінгі 2019 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд АҚШ долларын немесе экономиканың 4,5%-ын құраған.
Осылайша, алты жыл ішінде туризмнің экономикаға қосқан үлесі ақшалай мәнде 27,1%-ға артты. Сонымен қатар саланың өңір экономикасындағы үлесі аздап төмендеп, 4,5%-дан 4,3%-ға дейін қысқарды.
Туризм саласында 1,7 млн адам жұмыспен қамтылған
Туризм саласы өңір экономикасын қалыптастырумен қатар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. 2025 жылы Орталық Азияда туризм секторы шамамен 1,7 млн жұмыс орнын қамтамасыз етті. Бұл өңірдегі жалпы жұмыспен қамтудың 5,8%-ына тең.
Көрсеткіштердің динамикасы төмендегідей:
2019 жыл — 1,6 млн жұмыс орны (жалпы жұмыспен қамтудың 6,0%-ы);
2025 жыл — 1,7 млн жұмыс орны (5,8%);
2026 жыл (болжам) — 1,7 млн жұмыс орны (5,9%);
2036 жыл (болжам) — 2,2 млн жұмыс орны (6,3%).
Басқаша айтқанда, бүгінде Орталық Азиядағы әрбір 17-інші жұмыс орны туризм саласына тиесілі. Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада бұл саланың еңбек нарығындағы рөлі айтарлықтай күшеюі мүмкін.
Болжамға сәйкес 2036 жылға қарай өңірдегі туризм саласындағы жұмыспен қамту 2,2 млн жұмыс орнына дейін ұлғаюы ықтимал. Бұл 2026–2036 жылдар аралығында қосымша шамамен 400 мың жұмыс орны ашылады дегенді білдіреді.
Орталық Азияға келетін туристік ағынды қалыптастыратын елдер
WTTC деректеріне сәйкес 2025 жылы Орталық Азияға туристер ең көп келген елдер:
әлемнің басқа елдері — 8%.
Орталық Азия тұрғындары қай елдерге демалуға барады
2025 жылы Орталық Азия тұрғындары ең көп таңдаған бағыттар Өзбекстан мен Қазақстан болды: 25% және 23%. Одан кейін Қырғызстан (18%), Ресей (16%) және Түркия (6%) елдері орналасқан.
Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан өңірдің туризм нарығында жетекші орынға ие. Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияға келетін туристік ағынның негізгі бөлігін қалыптастырып қана қоймай, өңір тұрғындары ең жиі баратын туристік бағыттардың қатарында да көш бастап тұр.