Туризм министрлігі Ақмола облысының үздік 10 демалыс орнын таныстырды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2025
Жазылу
Ведомствоның мәліметінше бұл бағыттар қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін қысқы демалысқа өте қолайлы
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі Ақмола облысында қысқы демалысқа арналған ең үздік 10 туристік маршрутты ұсынды.
ELIKTI PARK тау-шаңғы кешені. Қысқы белсенді демалыс түрлері: тау шаңғысы, сноуборд, сноупарк, тюбинг. Зеренді тас жолы, Көкшетау қаласынан 25 км жерде, Садовое ауылы маңында.
Orman Ski тау-шаңғы кешені: шаңғы, сноуборд, орман ішіндегі серуен. Щучинск қаласы, Зеленая көшесі, 3/1.
BurabayLand отбасылық ойын-сауық паркі: мұз айдыны, сырғанақ, хаски және бұғы жегілген шана, тюбинг. Щучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауы, Бурабай курорты.
Жұмбақтас жартасы: фестивальдік бағдарлама, фотоаймақ, интерактив. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жұмбақтас жартасы.
"Aqmaral" марал шаруашылығы: экскурсия, маралдарды бақылау, серуен. Бурабай ауданы, Зелёный Бор кенті.
BalQaragai демалыс аймағы: қар кескіш, квадроцикл, атпен серуендеу, шаңғы және коньки тебу. Целиноград ауданы, Аққайың ауылы (Малотимофеевка).
Мультимедиялық интерактивті кешен: интерактивті экспозиция, виртуалды саяхат, экскурсия. Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 1Г.
SHARZHUM демалыс базасы: шаңғы трассасы, серуен, сауықтыру процедурасы. Ақкөл қаласы, Александр Пушкин көшесі, 193.
TAU Park демалыс базасы: тау шаңғысы, сноуборд, тюбинг, қар кескіш, атпен серуендеу. Қосшы қаласы, 016-есептік орам, 1167.
"Жеті Қазына" ат клубы: қысқы атпен серуендеу, шанамен сырғанау, бұғы жегілген шана. Бурабай кенті, Үкілі Ыбырай көшесі, 17/1.
Жаңалықтар
0