https://sputnik.kz/20260918/90-kmsagat-zhyldamdyq-almatyda-elektr-samokat-mingen-er-adam-koz-zhumdy-66794708.html
90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды
90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Шығыс айналма автомобиль жолында ол алдында келе жатқан көлікті басып озуға әрекет жасаған 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T22:14+0500
2026-09-18T22:14+0500
2026-09-18T22:14+0500
алматы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459966_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_9e82bc992bd7a6379f5e62dcbde3c011.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Алматыда электр самокат мінген 54 жастағы ер адам жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.Алдын ала мәлімет бойынша, ол шамамен сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүрген.Оқиғаның соңғы сәттері бейнебақылау камералары мен жол бойымен өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегішіне түсіп қалған.Бейнежазбадан ер адамның асфальтқа құлағанын көруге болады. Соққыдан қорғаныш дулығасы да басынан ұшып кеткен.Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның барлық мән-жайы анықталып жатыр."Бұл – Алматыда электр самокат мінген адамның қаза болуына әкелген алғашқы жол апаты. Жыл басынан бері қалада электр самокатқа байланысты 91 жол апаты тіркелген.Соның салдарынан 96 адам жарақат алған", – деп хабарлады полиция.
https://sputnik.kz/20260917/almatyda-9-mynnan-astam-samokat-ayyp-turagyna-qoyylgan-66747434.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459966_110:0:1247:853_1920x0_80_0_0_6d39edabb0dfb0832ee89d5a6dbc12df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол апаты
90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды
Шығыс айналма автомобиль жолында ол алдында келе жатқан көлікті басып озуға әрекет жасаған
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Алматыда электр самокат мінген 54 жастағы ер адам жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол шамамен сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүрген.
Оқиғаның соңғы сәттері бейнебақылау камералары мен жол бойымен өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегішіне түсіп қалған.
"Электр самокат мінген ер адам жолдың сол жақ шетімен келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша оның жылдамдығы сағатына шамамен 90 шақырым болған. Шығыс айналма автомобиль жолында ол алдында келе жатқан көлікті басып озуға әрекет жасаған. Сол сәтте басқару тізгінін жоғалтқан", – деді полиция.
Бейнежазбадан ер адамның асфальтқа құлағанын көруге болады. Соққыдан қорғаныш дулығасы да басынан ұшып кеткен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Бұл – Алматыда электр самокат мінген адамның қаза болуына әкелген алғашқы жол апаты. Жыл басынан бері қалада электр самокатқа байланысты 91 жол апаты тіркелген.Соның салдарынан 96 адам жарақат алған", – деп хабарлады полиция.