Алматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған
Алматыда 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына қойылған - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Барлығы жол ережесіне енгізілген жаңа талаптарды бұзғаны үшін айыппұл тұрағына тоғытылған
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының полициясы айыппұл тұрағына тоғытылған самокаттарды көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде тұрақта әртүрлі кикшеринг компанияларының 9 мыңнан астам электрсамокаты бар.
Барлығы жол ережесіне енгізілген жаңа талаптарды бұзғаны үшін айыппұл тұрағына тоғытылған болатын. Олар:
тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүрмеу;
18 жаста болу;
кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы;
қорғаныс шлемін пайдалану;
қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану.

"Қазіргі кезде электрсамокатпен тек веложолақпен және жолдың жиегімен ғана жүруге болады", - дейді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетері, 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынған.

Сондай-ақ кикшеринг компанияларына да қойылатын талаптар күшейтілді.
Осень в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Қазақстанда самокатқа қатысты жаңа ереже күшіне енді
Жаңалықтар
0