Тоқаев қазан айында Әзербайжанға барады

© Photo : АкордаТоқаев қазан айында Әзербайжанға барады
Тоқаев қазан айында Әзербайжанға барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Бұл туралы Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымының қауіпсіздік басшыларын қабылдау шарасында айтылды
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмүралиевті қабылдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
© Официальный сайт президента Азербайджана Ильхам Алиев принял руководящих лиц по безопасности стран-членов ОТГ
Ильхам Алиев принял руководящих лиц по безопасности стран-членов ОТГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Ильхам Алиев принял руководящих лиц по безопасности стран-членов ОТГ
Сонымен қатар шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары қатысты. Қазақстан атынан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева өкілдік етті.
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Аида Балаева
Іс-шара барысында Әлиев Тоқаевтың Бакуге сапары туралы хабарлады. Оның айтуынша, сапар 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.
"Жақында Бішкекте Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездестік және келесі айда оны Әзербайжанда қарсы алуды асыға күтеміз", – деді Әлиев.
Ильхам Алиев принял руководящих лиц по безопасности стран-членов ОТГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Ильхам Әлиев
Ол сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – Транскаспийлік талшықты-оптикалық кабель желісінің іске қосылуға толықтай дерлік дайын екенін атап өтті.
"Бұл жоба біздің елдеріміз үшін де, сондай-ақ кеңірек аймақ, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы үшін де зор маңызға ие", – деп баса айтты Әлиев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Тоқаев ШЫҰ саммиті аясында Әзербайжан басшысымен кездесті
Жаңалықтар
0