Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсе ме – үш жылдық бюджет жарияланды

© Пресс-служба правительства КазахстанаМұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсе ме – үш жылдық бюджет жарияланды
Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсе ме – үш жылдық бюджет жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
2027 жылы бюджеттен 10,5 трлн теңге денсаулық сақтау, білім мен әлеуметтік салаға бөлінеді
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайда алдағы үш жылдық бюджеттің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2027 жылы бюджеттің 35 проценті - 10,5 трлн теңге денсаулық сақтау, білім мен әлеуметтік салаға бөлінеді. Мәселен, медицинада тегін көмекке, дәрі-дәрмек пен медициналық сақтандыруға біраз ақша жұмсалады. Ал білім беру саласында 76 мың ұстаздың біліктілігі арттыру, 18 мың бала сауықтыру мен оңалту, "Келешек мектептерінде" білім беру деңгейі мен сапасын арттыру сияқты шаралар жоспарланған.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, алдағы үш жылда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге арналған қаржы қарастырылмаған.
"2027-2029 жылдарға арналған бюджетте осы санаттағы қызметкерлерге еңбекақыны жоғарылату, көтеру бойынша қаражат қарастырылмаған", - деді Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен брифингте.
Айта кетері, соңғы бірнеше жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есеге өскен. Ал дәрігерледің жалақысы үш жыл бұрын жарты миллион теңге болған.
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Биыл дәрігерлердің жалақысы 519 мың теңгеге дейін өсті – министр
Жаңалықтар
0