Биыл дәрігерлердің жалақысы 519 мың теңгеге дейін өсті – министр

© Sputnik / Табылды КадырбековАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Орта медицина қызметкерлері 270 мың теңгеге дейін алады
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қанша теңгеге өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы биыл 2022 жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Дәрігерлердің еңбекақысы – 397 мың теңгеден 519 мың теңгеге, ал орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы – 224 мың теңгеден 268,9 мың теңгеге дейін артты", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Айтуынша, медициналық кадрлардың тапшылығын жою үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында соңғы үш жылда 8 мыңнан астам дәрігер даярланды.
Өңірлерге келген жас мамандарды бекітуді ынталандыру мақсатында әкімдіктер әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Қоғам
Орман шаруашылығында істейтін 4,5 мың қызметкердің жалақысы өседі
Жаңалықтар
0