https://sputnik.kz/20230918/orman-sharuashylygynda-isteytin-45-myn-qyzmetkerdin-zhalaqysy-osedi-38546566.html
Орман шаруашылығында істейтін 4,5 мың қызметкердің жалақысы өседі
Орман шаруашылығында істейтін 4,5 мың қызметкердің жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Экология министрі үнемделген қаражатты штаттан тыс қызметкерлердің айлығын көтеруге жұмсауды тапсырды 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T13:00+0500
2023-09-18T13:00+0500
2023-09-18T13:00+0500
қоғам
экология
орманшы
жалақы
https://sputnik.kz/img/697/89/6978932_0:41:1201:716_1920x0_80_0_0_419206b5e957669dc2a8298de052d706.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы қосылады, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі.Ведомство ақпаратынша, министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге үнемделген қаражат анықталды.Баспасөз қызметі атап өткендей, орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне орман өрт сөндірушілері, трактор жүргізушілері, автокөлік жүргізушілері және тағы басқалары кіреді.Үкімет қаулысымен биыл 1 шілдеде орман шаруашылығы саласындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы көтерілген болатын. Қосымша үстемеақы штаттық қызметкерлерге ғана тағайындалды. Себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемеақы қосу мәселесі қолдау таппаған.Бұған дейін мәжіліс депутаты үкіметке жалақысы өспей қалған орманшылардың мұңын жеткізген еді.
https://sputnik.kz/20230906/ukimet-umytyp-ketken-deputat-zhalaqysy-ospegen-ormanshylardyn-zhanayqayyn-zhetkizdi-38232613.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/697/89/6978932_42:0:1109:800_1920x0_80_0_0_8de6f194440df785221580cdd0175f74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология, орманшы, жалақы
экология, орманшы, жалақы
Орман шаруашылығында істейтін 4,5 мың қызметкердің жалақысы өседі
Экология министрі үнемделген қаражатты штаттан тыс қызметкерлердің айлығын көтеруге жұмсауды тапсырды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы қосылады, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ведомство ақпаратынша, министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге үнемделген қаражат анықталды.
"Осыған байланысты экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осы ақшаны 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды. Үстемеақы 4 539 қызметкерге қосылады", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі атап өткендей, орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне орман өрт сөндірушілері, трактор жүргізушілері, автокөлік жүргізушілері және тағы басқалары кіреді.
Үкімет қаулысымен биыл 1 шілдеде орман шаруашылығы саласындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы көтерілген болатын. Қосымша үстемеақы штаттық қызметкерлерге ғана тағайындалды. Себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемеақы қосу мәселесі қолдау таппаған.
Бұған дейін мәжіліс депутаты үкіметке жалақысы өспей қалған орманшылардың мұңын жеткізген еді.