Тоқаев Қазақстанда маңызды материалдар бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Қазақстанда маңызды материалдар бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
Тоқаев Қазақстанда маңызды материалдар бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Сеул Қазақстанның негізгі он сауда серіктесінің қатарына кіреді және ең ірі инвесторлар арасында тоғызыншы орынды иеленеді
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" саммитінің алғашқы отырысында сөз сөйлеп, Алматыда маңызды материалдар саласына бағытталған бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Қазақстанда маңызды материалдар бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
Токаев выступил на Саммите Центральная Азия - Южная Корея - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Тоқаев Қазақстанда маңызды материалдар бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды
"Қазақстан айтарлықтай ресурстық базаға ие және сирек жер металдарының қоры жөнінен әлемдегі көшбасшылар қатарына кіреді. Айта кетерлігі, Корея стратегиялық деп жіктеген он минералдың барлығы да еліміздің минералдық-шикізат базасында кездеседі", – деп атап өтті президент.
Тоқаев Қазақстанның ресурстық әлеуеті мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең перспективалар ашатынына сенімді.
Мемлекет басшысы сапар барысында Кореяның Технологияларды дамыту институтының қатысуымен Алматы қаласында сирек және сирек жер металдарын зерттеу жөніндегі бірлескен орталық құру туралы қол жеткізілген уағдаластықты құптады.
"Біздің мақсатымыз – маңызды шикізатты барлау мен өндіруден бастап, оны терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыру болуы тиіс. Бұл жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумуляторлар, электромобильдерге арналған құрамдас бөліктер мен робототехника өндірісін қамтиды... Біз қазақ-корей бірлескен кәсіпорнын құруды ұсынамыз", – деп атап өтті ол.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступил на Саммите "Центральная Азия - Южная Корея"
Токаев выступил на Саммите Центральная Азия - Южная Корея - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Токаев выступил на Саммите "Центральная Азия - Южная Корея"
Тоқаевтың айтуынша, бұл диалогтың бай тарихы бар.
"Ол 20 жыл бұрын кореялық тараптың бастамасымен қолға алынған еді. Бүгінде ынтымақтастық форматы ең жоғары саяси деңгейге көтеріліп отыр", – деп атап өтті президент саммитті тарихи оқиға ретінде сипаттай отырып.
Тоқаев пен Hanwha Group басшысы цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ мәселесін талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Тоқаев пен Hanwha Group басшысы цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ мәселесін талқылады
Жаңалықтар
0