https://sputnik.kz/20260915/toqaev-pen-hanwha-group-basshysy-tsifrlyq-infraqurylym-men-zhi-maselesin-talqylady-66641308.html
Тоқаев пен Hanwha Group басшысы цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ мәселесін талқылады
Тоқаев пен Hanwha Group басшысы цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды 15.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-15T09:06+0500
2026-09-15T09:06+0500
2026-09-15T09:19+0500
президент
оңтүстік корея
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0f/66640618_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_ff7d66e135d7af4d7a415e9e601b53c3.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президенттің айтуынша, еліміз Hanwha Group компаниясын Корея Республикасының бірқатар стратегиялық маңызды салаларда халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады.Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты."Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді", - дейді Ақордада.Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі екеніне назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын атап өтті.
https://sputnik.kz/20260914/toqaev-koreya-respublikasyna-memlekettik-saparmen-bardy-66606181.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0f/66640618_100:0:1180:810_1920x0_80_0_0_47d128c68db3f2cf1ce41ed6787b47d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, оңтүстік корея, жасанды интеллект
президент, оңтүстік корея, жасанды интеллект
Тоқаев пен Hanwha Group басшысы цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ мәселесін талқылады
09:06 15.09.2026 (жаңартылды: 09:19 15.09.2026) Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының перспективті бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кореямен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Президенттің айтуынша, еліміз Hanwha Group компаниясын Корея Республикасының бірқатар стратегиялық маңызды салаларда халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады.
Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты.
"Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді", - дейді Ақордада.
Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі екеніне назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын атап өтті.