Бағасы 1 АЕК-тен төмен препараттар мемлекеттік реттеу жүйесінен шығарылады

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығарылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
"Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады. Бағасы төмен дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығару нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді", - дейді министрлікте.
Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.
Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым нысаналы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырландырылады.
Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Дәрі-дәрмекті цифрлық есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды
Жаңалықтар
0