Көкшетауда ер адам түнде музей терезесін сындырып, ішке кірген

© Sputnik / Елена БережнаяТерезе
Терезе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Жазылу
Шығын шамамен 1 млн теңге
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Көкшетауда ер адам түнгі уақытта музейге терезе арқылы кірген, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 12 қыркүйекте болған.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті музей директорынан мүліктің бүлінгені туралы шағым түскен.
"Түнде белгісіз адам музей ғимаратына кіріп, жертөледегі терезеге зақым келтіргені анықталды. Осыдан кейін шабуылдаушы техникалық жабдықтар орналасқан бөлмеге кірген. Ол сымдар, пломбалар, датчиктер және басқа жабдықтарды зақымдап, жылу жүйесіне зиян келтірген", - дейді полицияда.
Шығын шамамен 1 млн теңге.
32 жастағы күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.
Жалғыз өзі іздеп тапты: Ақмола облысында полиция жасөспірімді құтқарып қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Ақмола облысында полицей үйінен шығып кеткен жасөспірімді түнде жалғыз өзі іздеп тапты
Жаңалықтар
0