https://sputnik.kz/20260705/aqmola-oblysynda-politsey-uyinen-shygyp-ketken-zhasospirimdi-tunde-zhalgyz-ozi-izdep-tapty-64692187.html
Ақмола облысында полицей үйінен шығып кеткен жасөспірімді түнде жалғыз өзі іздеп тапты
Ақмола облысында полицей үйінен шығып кеткен жасөспірімді түнде жалғыз өзі іздеп тапты
Sputnik Қазақстан
Анасымен келіспей үйден шығып кеткен қызды іздеу шаралары тоқтатылғанына қарамастан полицей түнімен іздеген 05.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-05T15:48+0500
2026-07-05T15:48+0500
2026-07-05T15:48+0500
ақмола облысы
полиция
іздеу шаралары
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07ea/07/05/64692345_0:281:720:686_1920x0_80_0_0_1cf1bb2840cb224a5b14b1ddad2add70.jpg
АЛМАТЫ, 5 шілде - Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында із-түссіз кеткен мектеп оқушысын полиция қызметкері Әділ Кутушев тауып алды. Қыздың өмірін сақтап қалған полициямен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты. Анасымен дауласып, сәлден соң сыртқа шығуға сұранған 13 жастағы қыз сол күйі із-түссіз кеткен. Әйел кеш бата қызын шарқ ұрып іздеп, полицияға хабарласады. Жасөспірім күндізгі сағат 15:00 шамасында үйден шығып кеткен. Қала маңында шатқалға кетіп қалған. Полиция ұялы телефонына бірнеше рет хабарласқанымен ұялы байланыс көрсеткен жерде қыз табылмаған. Бірақ қыз сол күйі табылмаған. Жақын маңдағы мекемелердің бейнебақылау камераларын қарамақ болған, бірақ олар таңғы сағат сегізден бастап жұмыс істейтіндерін айтқан. Таңғы сағат төртке дейін қызды іздеген тәртіп сақшысы қызды бастапқы іздеу жұмыстары болған жерде тапқанын айтты. Қыз үйінен 5 шақырым жерге ұзап кеткен. Оның айтуынша, қараңғыда адасып қалған.Ал қыздың анасы іздеу шаралары тоқтатылып, бәрі қайтып кеткенде жалғыз өзі іздеудеуге кіріскен полицейге алғысы зор. Әділ Кутушев полиция саласында еңбек еткеніне небәрі бір жыл. Қызды аман тапқанын ол ерлік деп санамайды. "Менің орнымда кез келген полиция солай істейді" деген Әділ ата-аналарды балаларына абай болуға шақырды.
https://sputnik.kz/20260522/apau-qaydasyz-batys-qazaqstanda-zhogalgan-ayel-bir-taulikten-keyin-togaydan-tabyldy-63627283.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/05/64692345_0:213:720:753_1920x0_80_0_0_67e4c6af59ce30740d6e76ae17c622a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, полиция, іздеу шаралары, жасөспірім
ақмола облысы, полиция, іздеу шаралары, жасөспірім
Ақмола облысында полицей үйінен шығып кеткен жасөспірімді түнде жалғыз өзі іздеп тапты
Анасымен келіспей үйден шығып кеткен қызды іздеу шаралары тоқтатылғанына қарамастан полицей түнімен іздеген
АЛМАТЫ, 5 шілде - Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында із-түссіз кеткен мектеп оқушысын полиция қызметкері Әділ Кутушев тауып алды.
Қыздың өмірін сақтап қалған полициямен
Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.
Анасымен дауласып, сәлден соң сыртқа шығуға сұранған 13 жастағы қыз сол күйі із-түссіз кеткен. Әйел кеш бата қызын шарқ ұрып іздеп, полицияға хабарласады.
"Кешкі сағат 20:00 шамасында қыздың анасы хабарласып, қызын тауып беруімізді сұрады. Қызы бірнеше сағаттан бері байланысқа шықпаған. Отбасындағы жанжал ұялы телефонға бола шыққан. Бұған дейін жасөспірімнің ондай оғаш қылығы болмаған, мектепте жақсы оқиды", - дейді Әділ Кутушев.
Жасөспірім күндізгі сағат 15:00 шамасында үйден шығып кеткен. Қала маңында шатқалға кетіп қалған. Полиция ұялы телефонына бірнеше рет хабарласқанымен ұялы байланыс көрсеткен жерде қыз табылмаған. Бірақ қыз сол күйі табылмаған.
"Сағат түнгі 2:00 шамасында іздеу жұмыстары тоқтады. Бірақ мен анасын ертіп алып ары қарай іздей бердім. Әріптесім сол шатқал жақта жылқышы барын айтып, сұрап көр деді. Біз жылқышыны іздеп ек, ол мекенінде болмай шықты. Ары қарай іздей бердім. Қызды үй шатырынан да іздедік, жалпы тұрғылықты жердің барлығын қарадық", - дейді Әділ Кутушев.
Жақын маңдағы мекемелердің бейнебақылау камераларын қарамақ болған, бірақ олар таңғы сағат сегізден бастап жұмыс істейтіндерін айтқан. Таңғы сағат төртке дейін қызды іздеген тәртіп сақшысы қызды бастапқы іздеу жұмыстары болған жерде тапқанын айтты. Қыз үйінен 5 шақырым жерге ұзап кеткен. Оның айтуынша, қараңғыда адасып қалған.
Ал қыздың анасы іздеу шаралары тоқтатылып, бәрі қайтып кеткенде жалғыз өзі іздеудеуге кіріскен полицейге алғысы зор.
Әділ Кутушев полиция саласында еңбек еткеніне небәрі бір жыл. Қызды аман тапқанын ол ерлік деп санамайды. "Менің орнымда кез келген полиция солай істейді" деген Әділ ата-аналарды балаларына абай болуға шақырды.