Агенттік атынан жалған ресми хаттар тарату жалғасып жатыр - ҚМА

© Sputnik / Владимир АстапковичМужчина в капюшоне
Мужчина в капюшоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Жазылу
Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың Агенттік атынан жалған ресми хаттар таратуы әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
Агенттікке осындай жалған хат таратудың тағы бір дерегі туралы ақпарат келіп түсті.
Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан.
"Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған", - дейді агенттікте.
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді:
Агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жолданады;
ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;
құжатта логотип, мөр немесе қолтаңба бар екеніне ғана сүйеніп, оған сенуге болмайды;
күмәнді хат алсаңыз, оның шынайылығын Агенттіктің ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз.
Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, олардың нұсқауымен ақша аудармау керек. ҚМА азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырады.
Киберпреступность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Алаяқтар бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерін алдауға кірісті
Жаңалықтар
0