https://sputnik.kz/20260713/alayaqtar-bukhgalterler-men-qarzhy-qyzmetkerlerin-aldauga-kiristi-64866356.html
Алаяқтар бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерін алдауға кірісті
Алаяқтар бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерін алдауға кірісті
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі азаматтарды Telegram арқылы басшылардың атынан ақша талап ететін алаяқтардан сақ болуға шақырды 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T10:15+0500
2026-07-13T10:15+0500
2026-07-13T10:17+0500
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_0:0:1136:639_1920x0_80_0_0_01c92256f8a6a10c06d8f15a1a25d8ad.jpg
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады.Мұндай хабарламалар көбіне бухгалтерлерге, қаржы қызметкерлеріне және ұйым қаражатына қолжетімділігі бар адамдарға жіберіледі.Егер осындай хабарлама алсаңыз:Күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлау қажет, деп ескертті Ішкі істер министрлігі.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_147:0:999:639_1920x0_80_0_0_cd3b0cbf0c4a1a10f3e446f4b3d4a556.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық
Алаяқтар бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерін алдауға кірісті
10:15 13.07.2026 (жаңартылды: 10:17 13.07.2026) Ішкі істер министрлігі азаматтарды Telegram арқылы басшылардың атынан ақша талап ететін алаяқтардан сақ болуға шақырды
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды
Polisia.kz. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады.
"Олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен жеке деректерін пайдаланады. Қаскөйлер директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қызметкерлерден шұғыл түрде есепшотқа ақша аударуды сұрайды. Олар қызмет ақысын төлеуді, белгілі бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе басқа да қаржылық операцияларды орындауды талап етуі мүмкін", – дейді полиция.
Мұндай хабарламалар көбіне бухгалтерлерге, қаржы қызметкерлеріне және ұйым қаражатына қолжетімділігі бар адамдарға жіберіледі.
Егер осындай хабарлама алсаңыз:
ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысып, ақпаратты тексеріңіз;
телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият қарап шығыңыз.
Күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлау қажет, деп ескертті Ішкі істер министрлігі.