https://sputnik.kz/20260914/zhambyl-oblysynda-dron-arqyly-qarasora-alqaby-anyqtaldy-66623944.html
Жамбыл облысында дрон арқылы қарасора алқабы анықталды
Жамбыл облысында дрон арқылы қарасора алқабы анықталды
Sputnik Қазақстан
Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді 14.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-14T14:12+0500
2026-09-14T14:12+0500
2026-09-14T14:12+0500
жамбыл облысы
қылмыстық іс
есірткі
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_42c5cc90e489e49abc69a876fd42a74b.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ірі қарасора алқабы жойылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.Өңірдің құмды алқапқа жақын аумағында автономды электр қуатымен жабдықталған және суару жүйесімен қамтылған, үнді қарасорасы өсірілгені анықталды.Ол – бұрын бірнеше рет сотты болған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өңдеп және басқа өңірлерге апарып көтерме бағамен сатуды көздеген.Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді.Жедел қызметкерлердің назарына оқ-дәрілері бар, сериялық нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы ілікті. Сондай-ақ 12 калибрлі Байкал мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленді.Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20260901/zhogary-zhalaqy-usyngan-zhumys-izdegenderdi-esirtki-biznesine-tartqandar-ustaldy-66284560.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_108:0:1813:1279_1920x0_80_0_0_a3b05d8015b30f06fcdd3d237fd203b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, қылмыстық іс, есірткі
жамбыл облысы, қылмыстық іс, есірткі
Жамбыл облысында дрон арқылы қарасора алқабы анықталды
Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ірі қарасора алқабы жойылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Өңірдің құмды алқапқа жақын аумағында автономды электр қуатымен жабдықталған және суару жүйесімен қамтылған, үнді қарасорасы өсірілгені анықталды.
"Жасырын алқабты анықтау үшін әуеден барлау жүргізілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын көмегімен және жедел қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылдарынын нәтижесінде күдікті қылмыс жасау үстінде ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Ол – бұрын бірнеше рет сотты болған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өңдеп және басқа өңірлерге апарып көтерме бағамен сатуды көздеген.
Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді.
Жедел қызметкерлердің назарына оқ-дәрілері бар, сериялық нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы ілікті. Сондай-ақ 12 калибрлі Байкал мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленді.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.