https://sputnik.kz/20260901/zhogary-zhalaqy-usyngan-zhumys-izdegenderdi-esirtki-biznesine-tartqandar-ustaldy-66284560.html
"Жоғары жалақы ұсынған": жұмыс іздегендерді есірткі бизнесіне тартқандар ұсталды
"Жоғары жалақы ұсынған": жұмыс іздегендерді есірткі бизнесіне тартқандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жеті адам ұсталып, қылмыстық схемаға қатысқан тоғыз адамға айып тағылды 01.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-01T16:17+0500
2026-09-01T16:17+0500
2026-09-01T16:18+0500
есірткі
есірткі контрабандасы
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/09/01/66282172_20:0:790:433_1920x0_80_0_0_551376cc30784fdc2a1ab5a9f1ac5256.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартқан халықаралық арнаны жойды. Бір жылдан астам уақытқа созылған ауқымды арнайы операция бірнеше мемлекеттің аумағын қамтыды, деп хабарлады Polisia.kz.Қылмыскерлер заңды жұмысқа орналастыруды желеу етіп, call-орталық операторларын, HR-менеджерлерді, химиктерді, курьерлерді, есірткі жасырушыларды, логистер мен қойма қызметкерлерін тартқан. Адамдарға оңай табыс табуды уәде етіп, іс жүзінде оларды халықаралық есірткі бизнесіне араластырған.Қылмыстық әрекетті құжаттау барысында Украинада адамдарды заңсыз әрекетке тартумен айналысқан call-орталықтарда 26 тінту жүргізіліп, төрт мыңға жуық цифрлық айғақтар тәркіленді. Оларды талдау нәтижесінде Telegram желісіндегі 31 есірткі дүкені, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар және онда тартылған жүздеген адам анықталды. Олардың Қазақстан аумағында есірткі таратуға қатысы бар-жоғын ІІМ қызметкерлері тексерді.Мамыр айында операцияның кезекті белсенді кезеңі өтті. Қазақстан ІІМ өкілдерінің қатысуымен Киев қаласы мен Киев облысында 70 тінту жүргізіліп, адамдарды қылмысқа тартумен айналысқан call-орталықтардың қызметі тоқтатылды және қылмыстық қоғамдастықтың 27 белсенді мүшесі анықталды.Шілде айында Қазақстан аумағында украиналық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен тағы 15 тінту жүргізілді. Елімізде есірткі сатуға қатысы бар желі мүшелері ұсталды.Операцияның қорытынды кезеңінде Украинаның бес облысы мен Киев қаласында тағы 35 тінту жүргізілді. Азаматтарды қылмысқа тартумен айналысқан халықаралық желінің екі буыны жойылды.Құрамында синтетикалық есірткі бар 24 келі қоспа, 3,5 мыңнан астам қолдан жасалған шылым және өлшеп салынған екі мыңға жуық пакет тәркіленді. Жеті адам ұсталып, қылмыстық схемаға қатысқан тоғыз адамға айып тағылды.ІІМ азаматтарды интернеттегі оңай табыс туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырды. Тартымды ұсыныстардың артында халықаралық есірткі желісі тұруы мүмкін.
https://sputnik.kz/20260825/biyl-elde-esirtki-qylmysy-boyynsha-55-zhasospirim-ustaldy-66081545.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/01/66282172_117:0:694:433_1920x0_80_0_0_b38f30b6ffe8958f40d5c11162f1b75f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, есірткі контрабандасы, жұмыс
есірткі, есірткі контрабандасы, жұмыс
"Жоғары жалақы ұсынған": жұмыс іздегендерді есірткі бизнесіне тартқандар ұсталды
16:17 01.09.2026 (жаңартылды: 16:18 01.09.2026) Жеті адам ұсталып, қылмыстық схемаға қатысқан тоғыз адамға айып тағылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартқан халықаралық арнаны жойды. Бір жылдан астам уақытқа созылған ауқымды арнайы операция бірнеше мемлекеттің аумағын қамтыды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қылмыскерлер заңды жұмысқа орналастыруды желеу етіп, call-орталық операторларын, HR-менеджерлерді, химиктерді, курьерлерді, есірткі жасырушыларды, логистер мен қойма қызметкерлерін тартқан. Адамдарға оңай табыс табуды уәде етіп, іс жүзінде оларды халықаралық есірткі бизнесіне араластырған.
"Қылмыстық құрылымда рөлдер нақты бөлінген. Оны көршілес мемлекеттің 36 жастағы азаматы ұйымдастырған. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі операцияның барлық негізгі кезеңіне қатысты", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Қылмыстық әрекетті құжаттау барысында Украинада адамдарды заңсыз әрекетке тартумен айналысқан call-орталықтарда 26 тінту жүргізіліп, төрт мыңға жуық цифрлық айғақтар тәркіленді. Оларды талдау нәтижесінде Telegram желісіндегі 31 есірткі дүкені, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар және онда тартылған жүздеген адам анықталды. Олардың Қазақстан аумағында есірткі таратуға қатысы бар-жоғын ІІМ қызметкерлері тексерді.
Мамыр айында операцияның кезекті белсенді кезеңі өтті. Қазақстан ІІМ өкілдерінің қатысуымен Киев қаласы мен Киев облысында 70 тінту жүргізіліп, адамдарды қылмысқа тартумен айналысқан call-орталықтардың қызметі тоқтатылды және қылмыстық қоғамдастықтың 27 белсенді мүшесі анықталды.
Шілде айында Қазақстан аумағында украиналық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен тағы 15 тінту жүргізілді. Елімізде есірткі сатуға қатысы бар желі мүшелері ұсталды.
"Қылмыстық құрылым ішінде қатаң ережелер болған. Қылмыстық әрекеттен бас тартуға тырысқан адамдарға айыппұл салынған, оларды ұрып-соғып, заңсыз ұстап отырған. Тартымды көрінетін бос жұмыс орындарының артында адамды есірткі бизнесіне тарту тұрған. Ал адам бұл іске кіргеннен кейін одан шығуға мүмкіндік бермеген", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Операцияның қорытынды кезеңінде Украинаның бес облысы мен Киев қаласында тағы 35 тінту жүргізілді. Азаматтарды қылмысқа тартумен айналысқан халықаралық желінің екі буыны жойылды.
Құрамында синтетикалық есірткі бар 24 келі қоспа, 3,5 мыңнан астам қолдан жасалған шылым және өлшеп салынған екі мыңға жуық пакет тәркіленді. Жеті адам ұсталып, қылмыстық схемаға қатысқан тоғыз адамға айып тағылды.
ІІМ азаматтарды интернеттегі оңай табыс туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырды. Тартымды ұсыныстардың артында халықаралық есірткі желісі тұруы мүмкін.