https://sputnik.kz/20260825/biyl-elde-esirtki-qylmysy-boyynsha-55-zhasospirim-ustaldy-66081545.html
Биыл елде есірткі қылмысы бойынша 55 жасөспірім ұсталды
Биыл елде есірткі қылмысы бойынша 55 жасөспірім ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олардың 32-сінің есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар 25.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-25T16:01+0500
2026-08-25T16:01+0500
2026-08-25T16:01+0500
полиция
жасөспірім
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Биыл жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Жеті айда есірткіге қатысты 4,5 мың құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.Жыл басынан бері 55 кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың 32-сінің есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.Сонымен қатар есірткі бизнесінің қаржылық негізін жоюға бағытталған шаралар қабылданып жатыр, дейді министрлікте."258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шоттың транзакцияларына шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.Интернет кеңістігіндегі заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс аясында 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды.
https://sputnik.kz/20260820/ekibastuzda-agayyndy-eki-zhigit-garazhdy-esirtki-zertkhanasyna-aynaldyrgan-65846691.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жасөспірім, есірткі
полиция, жасөспірім, есірткі
Биыл елде есірткі қылмысы бойынша 55 жасөспірім ұсталды
Олардың 32-сінің есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Биыл жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеті айда есірткіге қатысты 4,5 мың құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.
"Сонымен қатар 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, оларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында заңсыз айналымнан 865 келі есірткі заты тәркіленді", - дейді ішкі істер министрлігінде.
Жыл басынан бері 55 кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың 32-сінің есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.
Сонымен қатар есірткі бизнесінің қаржылық негізін жоюға бағытталған шаралар қабылданып жатыр, дейді министрлікте.
"258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шоттың транзакцияларына шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Интернет кеңістігіндегі заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс аясында 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды.