Мемлекетке 238 млн теңгеден астам залал келтірген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Ол ауыл шаруашылығы саласында жалған шарттар және өзге де жалған құжаттар негізінде жеңілдетілген кредиттер мен мемлекеттік субсидияларды заңсыз алған
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматшасы бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу нұсқасы бойынша күдікті 2020–2023 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған.
Қылмыстық пиғылын іске асыру мақсатында ол сенімді тұлғалардың атына тіркелген шаруа қожалықтарын, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу туралы жалған шарттарды және өзге де жалған құжаттарды пайдаланып, солардың негізінде жеңілдетілген кредиттер мен мемлекеттік субсидияларды заңсыз алған.

"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке және басқа да жәбірленушілерге жалпы сомасы 238 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.

Осы жылдың наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Грузиядан 7 адам экстрадицияланды, олардың 5-еуі жымқырғаны үшін іздеуде болған.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Видео
4 жылдан бері іздеуде: Түркиядан қаржы пирамидасынының бөлімше басшысы экстрацияланды
Жаңалықтар
0