Видео

4 жылдан бері іздеуде: Түркиядан қаржы пирамидасынының бөлімше басшысы экстрацияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Осы қаржы пирамидасына қатысы бар үш адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген "The Finiko" құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан экстрацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржы мониторингі агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұған дейін осы қаржы пирамидасына қатысы бар үш адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Олардың мүлкі де тәркіленді.
Ал күдікті әйел шетелге қашып кеткен.
"Оның заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді агенттік мамандары.
Айта кетері, күдіктіні Қазақстанға қайтару шараларын прокуратура органдары үйлестірген. Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, оны Қазақстанға ұшақпен жеткізген.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Грузияға қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды
Жаңалықтар
0