"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында елде 15 мыңға жуық бала дүниеге келген

© Photo : Pexels"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында елде 15 мыңға жуық бала дүниеге келген
Аңсаған сәби бағдарламасы аясында елде 15 мыңға жуық бала дүниеге келген - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бүгінде отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында 15 мыңға жуық бала дүниеге келді.
2021 жылдан бері бағдарлама шеңберінде ЭКҰ-ның 37 мыңға жуық циклі жүргізіліп, жыл сайын бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, бүгінде отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын медициналық көмекке шамамен 20,5 мың ерлі-зайыпты жүгінеді.

"Репродуктивтік медицина желісі дамып келеді. Егер 2004 жылы ЭКҰ-ны төрт клиника жүргізсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті. Осы кезеңде қосалқы репродуктивтік технологиялар циклдерінің саны сегіз еседен астам өсіп, жылына 18,6 мыңға жетті, - дейді министрлік".

Денсаулық сақтау министрлігі репродуктивтік көмектің қолжетімділігін одан әрі кеңейтіп, ерте диагностиканы жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Бұл заманауи медициналық технологиялардың еліміздің барлық өңірлеріндегі отбасыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
"Аңсаған сәби" бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылды
Жаңалықтар
0