https://sputnik.kz/20260914/almatyda-kurdeli-otadan-keyin-33-zhastagy-er-adamnyn-kozi-kore-bastady-66630906.html
Алматыда күрделі отадан кейін 33 жастағы ер адамның көзі көре бастады
Алматыда күрделі отадан кейін 33 жастағы ер адамның көзі көре бастады
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері аурухана мамандары 15 мөлдір қабықты трансплантаттау жасаған 14.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-14T17:05+0500
2026-09-14T17:05+0500
2026-09-14T17:05+0500
денсаулық сақтау министрлігі
алматы
ота
видео
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66631090_0:15:455:271_1920x0_80_0_0_32795c77b6c1a213878d3f667205fbc3.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханада жасалған күрделі отадан кейін 33 жастағы ер адамның көзі көре бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Пациентте IV дәрежелі кератоконус болған. Ондайда көздің мөлдір қабығы жұқарады. Ал ауру асқынған жағдайда адамның көру қабілеті төмендейді. Бес ай бұрын оған мөлдір қабықты трансплантаттауға шешім қабылданған болатын. Ал операцияны Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жасаған. Бүгін бес айдан кейін пациент тексеріске келген. Мөлдір қабықтың жағдайы оң бағаланып отыр. Ер адамның көру қабілеті қалпына келді.Мөлдір қабықты трансплантаттау — офтальмохирургиядағы күрделі бағыттардың бірі. Оны ауыстыру үшін жоғары біліктілік, заманауи хирургиялық технологиялар мен операциядан кейінгі кәсіби бақылау қажет.Айта кетері, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай операциялар донорлық бағдарлама аясында жасалады. Жыл басынан бері аурухана мамандары 15 мөлдір қабықты трансплантаттау жасады.
https://sputnik.kz/20260830/qazaqstandyq-khirurgtar-tazhikstanda-eki-kunde-10-kurdeli-ota-zhasady---66212793.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66631090_0:0:455:342_1920x0_80_0_0_ae302a4a06c1a1d3a77f3cb8ace4d9ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, алматы, ота
денсаулық сақтау министрлігі, алматы, ота
Алматыда күрделі отадан кейін 33 жастағы ер адамның көзі көре бастады
Жыл басынан бері аурухана мамандары 15 мөлдір қабықты трансплантаттау жасаған
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханада жасалған күрделі отадан кейін 33 жастағы ер адамның көзі көре бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Пациентте IV дәрежелі кератоконус болған. Ондайда көздің мөлдір қабығы жұқарады. Ал ауру асқынған жағдайда адамның көру қабілеті төмендейді. Бес ай бұрын оған мөлдір қабықты трансплантаттауға шешім қабылданған болатын. Ал операцияны Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жасаған.
Бүгін бес айдан кейін пациент тексеріске келген. Мөлдір қабықтың жағдайы оң бағаланып отыр. Ер адамның көру қабілеті қалпына келді.
"Біз үшін әр операцияның артында нақты адамның тағдыры тұр. Әсіресе жас пациенттерге көру қабілетін сақтап, толыққанды өмір сүруіне, білім алуына, еңбек етуіне және болашаққа жоспар құруына мүмкіндік беру аса маңызды", — дейді офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова.
Мөлдір қабықты трансплантаттау — офтальмохирургиядағы күрделі бағыттардың бірі. Оны ауыстыру үшін жоғары біліктілік, заманауи хирургиялық технологиялар мен операциядан кейінгі кәсіби бақылау қажет.
Айта кетері, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай операциялар донорлық бағдарлама аясында жасалады. Жыл басынан бері аурухана мамандары 15 мөлдір қабықты трансплантаттау жасады.