Видео

Атырау облысының әкімі велошеруге қатысып, жолдардың жағдайын тексерді

© Photo : Атырау облысының әкімдігіАтырау облысының әкімі велошеруге қатысып, жолдардың жағдайын тексерді
Атырау облысының әкімі велошеруге қатысып, жолдардың жағдайын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Жазылу
Велошабандоздар спорттық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы барған
АСТАНА, 13 қыркүйек-Sputnik. Атырауда 14 пен 65 жас аралығындағы 150-ден астам әуесқой велоспортшы қатысқан "Tour de Saraishyq-2026" велошеруі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Велошабандоздар спорттық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы барған.
Олар шеруді Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап, Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығында мәре сызығын кесті.
Велобәйгеге облыс әкімі Болат Ақшолақов та пқатысы, жолдардың жағдайын тексерді. Әкім іс-шара барысында жолдардың сапасына куә болғанын айтты.
Велошерудің басты мақсаты — шақырымдарды еңсеру ғана емес, Сарайшықтың тарихи мұрасына назар аударту, белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттау, дейді жарыс жолына шыққандардың бірі — Антон Яцук.
"Маршрутты 3,5 сағатта жүріп өттім. Бәрі жақсы ұйымдастырылған, керемет әсер алдым. Өзім Ресейденмін, бірақ көптен Атырауда тұрамын. Осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса, жақсы болар еді, — деді Антон Яцук.
Велошеру тек спорттық жарыспен шектелмей, ортағасырлық Сарайшыққа жасалған саяхатпен айрықшаланды. Қатысушылар қашықтықты бағындырған соң "Сарайшық" сапар орталығына барып, ежелгі қаланың тарихы мен мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.
Нурдаулет Килыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
"Иттері келсе де, күтіп аламын": Нұрдәулет Қилыбай желідегі сынға жауап берді
Жаңалықтар
0