"Иттері келсе де, күтіп аламын": Нұрдәулет Қилыбай желідегі сынға жауап берді

Нурдаулет Килыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Жазылу
Әкім танымал тұлғалардың Маңғыстауға келуі өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлемге әйгілі актер Джеки Чанды әуежайда арнайы қарсы алғаны үшін сынаған желі қолданушыларына жауап берді.
Әкімнің айтуынша, Джеки Чанды Маңғыстауға тарту үшін бірнеше ай бойы жұмыс жүргізілген.
"Артынан үш-төрт ай жүріп, Маңғыстауға алып келдік. Маған салсаңыз, Маңғыстауды дамытатын, экономикасына оң ықпалын тигізетін, Маңғыстауды әлем аренасында көрсететін сол кісілердің иттері келсе де, күтіп аламын", – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Әкімнің сөзінше, мұндай деңгейдегі танымал тұлғалардың өңірге келуі Маңғыстаудың туристік және инвестициялық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.
Маңғыстаулықтар әйгілі Джеки Чанды қымызбен қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Маңғыстаулықтар әйгілі Джеки Чанды қазақы салт-дәстүрмен қарсы алды
Жаңалықтар
0