"550 мыңмен бизнес аштым": Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр

© PhotoТаразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Тараз қаласының тұрғыны Анар Бексұлтанова ұлттық өнерді дәріптеп жүр. Қос қолы жоқ шебер осыдан 13 жыл бұрын "Әдемі қыз жасауы" кәсібін ашқан. Ниеті бар пенде үшін қиындықты еңсеруде ешбір кедергі жоқ деген Анар Бексұлтанова Sputnik Қазақстанға сұхбат берді.
Ол - мүмкіндігі шексіз жан. Еңсесі түсіп, өмірден қағажу көрдім деп налыған талайдың шабытын оятып, намысына қамшы басқан. Анар Бексұлтанова Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.
© PhotoТаразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр
"Туа біткеннен екі қолым болмады. Маған жүкті кезінде анам сары ауру болып науқастаныпты, мүмкін соның салдарынан, болмаса Алланың бұйрығы болар", - дейді қас шебер.
Анар Сағынтайқызы ұлттық өнерді дәріптеген әулеттің қызы. Апасы, нағшы апасы, анасы, әкесінің қарындастары, жалпы бұл әулеттегі қай нәзік жанды болсын шебер жандар.
"Менің атам мен апамның үйі алты қанат ақ киіз үй еді. Іші қолдан жасалған заттарға толы болатын. Соған қатты қызығатын ем. Атамның қасқыр ішігін, небір ұлттық киімдерді көріп өстім. Нағашы апам құрақ құрайтын. Апамның тігін машинасын жағалайтынмын. Құрақтарына қарап, "егер қолым болса, мен қалай тігер ем" деп ойлап, соны жүзеге асыратынмын", - дейді ол.
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
1/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
2/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
3/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
4/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
5/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
6/7
© Photo
Таразда қос қолы жоқ шебер талайды таңғалдырып жүр - Sputnik Қазақстан
7/7
1/7
2/7
3/7
4/7
5/7
6/7
7/7
Анар Сағынтайқызы мектепте жүріп құрақ құрап, шұлық жамап, өзіне киім тігіп алатын болған. Мектеп бітірген соң Тараздағы жоғарғы оқу орнына биология пәніне мұғалімдікке оқуға түседі. Бірақ бұл мамандықпен жұмысқа тұра алмайды.
"Ол кезде мүгедек жандарды жұмыспен қамту туралы заң болмаған. Солай жұмыс істей алмадым. Қай мекеменің есігін қақсам да, мені ешкім қабылдамады. Өзім гүлзар өсіріп, гүлдерді будандастырып, жаңа бір тұқым алып, жаңалық ашқым келіп еді. Бірақ арманым орындалмады", - дейді Анар Бексұлтанова.
Шеберге қол ұшын беріп, жұмысқа тұрғызғандар болған. Бірақ Анар Сағынтайқызының өзі ашқан бизнесі дамып, көптеген елдің батасын алған.
"2013 жылы елден 550 мың теңге елден қарыз жинап, көрпе тігумен айналысайық деп шештім. Менің бұл кәсібіме бауырларым көп көмектесті. Бұл істі танымал болам деп бастамадым. Сөйтіп қыз жасауын тігумен айналыстық. Екі рет мемлекеттік грант алдым. Мыңдаған қызға жасау жасадық. Бұл кәсіпте жеке менің ғана емес, бауырларымның еңбегі зор", - дейді Анар Бексұлтанова.
Анар Сағынтайқызы "Шебер шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ал бірлестіктің қазіргі туындылары таңдай қақтырарлық.
"Қасымдағы әріптес қыздардың еңбегі зор. Жұмысымызда алды жетпіс бестегі апайларым мен өрімдей жас сіңілілерім бар. Қандай шаруаны болсын, шын пейілдерімен адал, сапалы атқарады", - дейді бірлестік төрайымы Сағынтайқызы.
Анар Бексұлтанованың бұйымтайы:
"Қазіргі қыз-келіншектер ұлттық өнерді ұмытпаса деймін. Әр үйде қазақы өнер тұру керек. Әйелдер дүкендегі дайын затты сатып алмай, өз қолдарымен қазақы өнерді дамытса деймін", - дейді шебер.
13 жастағы Сұлтан Исат кәсіби тігінші - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
"Сән салонын ашамын": Атырауда 13 жастағы тігінші талайды таңғалдырып жүр
Жаңалықтар
0