АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Атырауда 13 жастағы Сұлтан Исат кәсіби тігіншілердің өзін таңқалдыруда. Тігінші баланың туындылары мен болашақ арманы туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.Әу баста Сұлтан сурет салумен көзге түскен. Оны байқаған мұғалімдері оқушының анасына айтқан.Тігіншілік Сұлтанның бойына атасынан дарыған."Әкесі де, мен де тігінші емеспіз. Атасының тігіншілік қасиеті бар, Сұлтанға сол кісіден дарыған. Маған екі двойка костюм, көйлек тігіп берді, қарындасына екі көйлек, өздеріне екі двойка костюм, жейде, шалбарлар тікті", - дейді анасы.Сұлтан - егіздің сыңары, бауыры Бейбарыс спортқа бейім. Отбасындағы бес баланың ішінде ерекше дарынымен көзге түскен - Сұлтан."Мінезі салмақты, орнықты. Сұлтанды бір көргенде ешкім ширақ бала деп ойламайды, бірақ ол алған ойын жүзеге асырмай қоймайтын пысық", - дейді Жанар Темірғали.Сұлтан Sputnik Қазақстанға арманы туралы айтты.Ол өзінің ең алғашқы еңбегін қарындасына арнаған. Джинса маталардың қалдығынан корсет тігіп берген. Ал анасына екі киімнен тұратын костюмді 3-4 күнде тігіп берген. Тігетін киімнің матасын кейде өзі, кейде анасымен барып таңдап алады.Сұлтан кез келген киімді тіге алады. Болашақта киім дизайнері болсам дейді.
Ол анасына екі киімнен тұратын костюмді 3-4 күнде тігіп берген
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Атырауда 13 жастағы Сұлтан Исат кәсіби тігіншілердің өзін таңқалдыруда. Тігінші баланың туындылары мен болашақ арманы туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Әу баста Сұлтан сурет салумен көзге түскен. Оны байқаған мұғалімдері оқушының анасына айтқан.
"Үшінші сыныптан бастап мұғалім апайлары "Сұлтан сурет салады" деп жүрді. Кейіннен модель қыздардың суретін сала бастады. Атасы Исат Ниматов 5-сыныпқа келгенде Сұлтанға кішкене тігін машинасын алып берді. Сұлтан үйдегі бар шүберектен әртүрлі заттар тіге бастады", - дейді анасы Жанар Темірғали.
Тігіншілік Сұлтанның бойына атасынан дарыған.
"Әкесі де, мен де тігінші емеспіз. Атасының тігіншілік қасиеті бар, Сұлтанға сол кісіден дарыған. Маған екі двойка костюм, көйлек тігіп берді, қарындасына екі көйлек, өздеріне екі двойка костюм, жейде, шалбарлар тікті", - дейді анасы.
Сұлтан - егіздің сыңары, бауыры Бейбарыс спортқа бейім. Отбасындағы бес баланың ішінде ерекше дарынымен көзге түскен - Сұлтан.
"Мінезі салмақты, орнықты. Сұлтанды бір көргенде ешкім ширақ бала деп ойламайды, бірақ ол алған ойын жүзеге асырмай қоймайтын пысық", - дейді Жанар Темірғали.
"Болашақта сән үйін ашсам деп армандаймын. Алғашқы тігін машинамды атам алып берді. Ол бірақ қатты маталарды тіге алмады. Сосын атам тұрмыстық машина алып берді, сосын кәсіби машина мен кәсіби оверлокты машинаалар алып берді", - дейді қаршадай тігінші Сұлтан Исат.
Ол өзінің ең алғашқы еңбегін қарындасына арнаған. Джинса маталардың қалдығынан корсет тігіп берген. Ал анасына екі киімнен тұратын костюмді 3-4 күнде тігіп берген. Тігетін киімнің матасын кейде өзі, кейде анасымен барып таңдап алады.
Сұлтан кез келген киімді тіге алады. Болашақта киім дизайнері болсам дейді.