https://sputnik.kz/20260912/turgyn-uy-kezegindegi-azamattar-tekseriledi-66575925.html
Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар тексеріледі
Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар тексеріледі
Sputnik Қазақстан
"Отбасы банк" азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді 12.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-12T20:00+0500
2026-09-12T20:00+0500
2026-09-12T20:00+0500
тұрғын үй
ипотека
баспана
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281793_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_035364778b4ad26a16926c419c946d4b.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Елімізде 14 қыркүйектен бастап маңызды өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Отбасы банкке" сілтеме жасап.Енді банк кезекте тұрған азаматтардың деректерін дербес деректерді жинауға және өңдеуге бөлек келісім алмай-ақ тексеріп, жаңарта алады.2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй кезегі банкке берілді. Осы уақыттан бері азаматтардың деректерін өзектендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұған дейін барлық деректерді толық тексеру мүмкін болмады, себебі кейбір азаматтар дербес деректерді өңдеуге келісім бермеген.Енді заңнама барлық кезекте тұрған азаматтың деректерін тексеруге мүмкіндік береді. Ең алдымен, кезекте тұру құқығына әсер ететін мәліметтер, соның ішінде тұрғын үйдің бар-жоғы тексеріледі.Егер азаматтың заң бойынша кезектен шығаруға негіз болатын тұрғын үйі болса, бұл ақпарат белгіленген тәртіппен тексеріледі."Отбасы банк" азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді.Бұл тексеріс тұрғын үй кезегінің өзекті, ашық әрі әділ болуына бағытталған.
https://sputnik.kz/20260530/8-mynnan-astam-qazaqstandyq-zhaldamaly-turgyn-uyge-qol-zhetkizdi-63826181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281793_0:0:1211:908_1920x0_80_0_0_a07e2dc344563914236d34af8c9c72b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, ипотека, баспана
тұрғын үй, ипотека, баспана
Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар тексеріледі
"Отбасы банк" азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Елімізде 14 қыркүйектен бастап маңызды өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Отбасы банкке" сілтеме жасап.
Енді банк кезекте тұрған азаматтардың деректерін дербес деректерді жинауға және өңдеуге бөлек келісім алмай-ақ тексеріп, жаңарта алады.
2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй кезегі банкке берілді. Осы уақыттан бері азаматтардың деректерін өзектендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұған дейін барлық деректерді толық тексеру мүмкін болмады, себебі кейбір азаматтар дербес деректерді өңдеуге келісім бермеген.
Енді заңнама барлық кезекте тұрған азаматтың деректерін тексеруге мүмкіндік береді. Ең алдымен, кезекте тұру құқығына әсер ететін мәліметтер, соның ішінде тұрғын үйдің бар-жоғы тексеріледі.
Егер азаматтың заң бойынша кезектен шығаруға негіз болатын тұрғын үйі болса, бұл ақпарат белгіленген тәртіппен тексеріледі.
"Отбасы банк" азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді.
Бұл тексеріс тұрғын үй кезегінің өзекті, ашық әрі әділ болуына бағытталған.