8 мыңнан астам қазақстандық жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді

© Sputnik / Абзал КалиевБаспана кілті
Баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2026
Жазылу
Жалпы кезекте тұрған азаматтар үшін Отбасы банкке 24 177 пәтер берілді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 8 мыңнан астам қазақстандық Отбасы банктің қолдауымен жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы саналатын Отбасы банк даму институты ретінде 8 031 кезекте тұрған азаматтың қоныс тойын атап өтуіне мүмкіндік берді, дейді министрлікте.
"Олардың көпшілігі баспананы 20 жылдан астам уақыт күткен. Енді олар болашақта жекешелендіруге болатын жалдамалы тұрғын үйлерде тұрып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке жалпы саны 12 760 жалдамалы пәтерді тапсырған. Қазір өңірлерде тағы 4 729 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы кезекте тұрған азаматтар үшін Отбасы банкке 24 177 пәтер берілді.
Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр. Оның шамамен 30%-ы немесе 310 878 адам баспана алуға бірінші кезектегі құқыққа ие.
Кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлерді жергілікті әкімдіктер салады. Кейін пәтерлерді бөлу жұмыстарын Отбасы банк жүргізеді. Тұрғын үйді бөлудегі ең басты талап – кезекке қойылған күн. Енді азаматтарға кезек нөмірін бақылап отырудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кезекке тұрған жылы мен санаттың басымдығы маңызды рөл атқарады.
Архивное фото летнего кафе на набережной реки Ишим в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Баспана бағасы қай қалаларда жылдам қымбаттап жатыр?
Жаңалықтар
0