https://sputnik.kz/20260912/atyrau-oblysynda-kuzetshi-ayel-zhumbaq-zhagdayda-koz-zhumdy-66581637.html
Атырау облысында күзетші әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды
Атырау облысында күзетші әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Оның денесі электр генераторының маңынан табылған 12.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-12T17:59+0500
2026-09-12T17:59+0500
2026-09-12T17:59+0500
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/17/30579368_0:0:2993:1685_1920x0_80_0_0_83ef4d71b48d1a7ef82b9437960757d6.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында ауылдық медициналық пунктте күзетші болып жұмыс істеген 59 жастағы әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ол электр генераторының жанынан қолында күрегімен өлі күйде табылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Телеарнаның мәліметінше, сол күні 59 жастағы Клара Кенжеғалиеваға өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы шөпті шабу тапсырылған. Арада бірнеше сағат өткен соң, ол өлі күйінде табылған. Марқұмның ұлы оның электр тоғына түскен болуы мүмкін деп болжап отыр."Мен осында жүгіріп келіп, анамның дәл осы жерде жатқанын көрдім. Қолында күрегі болды", – деді марқұмның ұлы Әділбек Ғалымов.Ер адам күзетшінің денесін электр генераторының жанынан тапқан. Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнын суретке түсіріп, денені тексерген. Әйелдің арқасында күйік іздері болған.Алайда мәйітханада Клара Кенжеғалиеваның миына қан құйылып, қайтыс болғаны туралы қорытынды берілген. Алайда туыстары мұнымен келіспейді.Оқиғаның мән-жайын анықтауға бейнебақылау камералары көмектесуі мүмкін еді, бірақ олар істемей тұрған. Ал медициналық пункт басшылығы күзетші әйелге қауіпті нысандардың маңындағы шөпті тазалауды ешкім тапсырмағанын айтқан.Қазір марқұмның отбасы шындықты анықтап, кінәлілерді табуға тырысып жатыр. Олар прокуратураға жүгініп, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етті.
https://sputnik.kz/20260519/soltustik-qazaqstanda-auyl-akimi-oli-tabyldy-63556445.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/17/30579368_262:0:2993:2048_1920x0_80_0_0_e5b6b98b76963a177db22b8804205113.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы
Атырау облысында күзетші әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды
Оның денесі электр генераторының маңынан табылған
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында ауылдық медициналық пунктте күзетші болып жұмыс істеген 59 жастағы әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ол электр генераторының жанынан қолында күрегімен өлі күйде табылған, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, сол күні 59 жастағы Клара Кенжеғалиеваға өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы шөпті шабу тапсырылған. Арада бірнеше сағат өткен соң, ол өлі күйінде табылған. Марқұмның ұлы оның электр тоғына түскен болуы мүмкін деп болжап отыр.
"Мен осында жүгіріп келіп, анамның дәл осы жерде жатқанын көрдім. Қолында күрегі болды", – деді марқұмның ұлы Әділбек Ғалымов.
Ер адам күзетшінің денесін электр генераторының жанынан тапқан. Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнын суретке түсіріп, денені тексерген. Әйелдің арқасында күйік іздері болған.
Алайда мәйітханада Клара Кенжеғалиеваның миына қан құйылып, қайтыс болғаны туралы қорытынды берілген. Алайда туыстары мұнымен келіспейді.
Оқиғаның мән-жайын анықтауға бейнебақылау камералары көмектесуі мүмкін еді, бірақ олар істемей тұрған. Ал медициналық пункт басшылығы күзетші әйелге қауіпті нысандардың маңындағы шөпті тазалауды ешкім тапсырмағанын айтқан.
"Біз сондай тапсырма берген дегенді мен де естідім. Нақты мұндай тапсырма бізден берілген жоқ. Алайда "Аумақты таза ұстаңыздар, шөпті шабыңыздар" деген сөздер жазылған аудиожазбаны естідім. Жергілікті медбикеден қандай тапсырма бергенін сұрағанда, ол трансформатордың маңын тазалау туралы тапсырма болмағанын айтты", – деді Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Саида Зұлқашева.
Қазір марқұмның отбасы шындықты анықтап, кінәлілерді табуға тырысып жатыр. Олар прокуратураға жүгініп, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етті.