Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті

© Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті
Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылды
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде 90-жылдардың үлгісімен көшеге шыққан той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде ескі Москвич мінген жас жұбайлар мен жүк көлігінің артында үймелеп отырған жастардың видеосы тарады. Олар полиция назарына да іліккен.
"Мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс. Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізілген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
Құқық бұзушылар Қарғалы ауданының тұрғындары болып шықты. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жезқазғанда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды - 6 адам жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0