Жезқазғанда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды - 6 адам жауапқа тартылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
2 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды
АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Жезқазғанда жол ережесін бұзған той кортежі анықталып, 6 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды polisia.kz.
8 тамызда Жезқазған қаласында Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде қозғалыста болған автоколоннаның жол жүрісі қағидаларын бұзғанын анықтады.
Тексеру барысында автоколоннаның үйлену тойына қатысу мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, жолаушылардың автокөлік терезесінен денесін шығарғаны, көлік жүргізуге құқығы жоқ адамға автокөлікті бергені және қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды.
"Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушілер мен жолаушылар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Автомобили, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Соңғы қоңырау: Маңғыстау облысында 236 көлік айып тұрағына қойылды
Жаңалықтар
0