Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13:13 11.09.2026 (жаңартылды: 13:45 11.09.2026)
Жазылу
Көшпенділер ойынында спортшыларымыз 74 медаль еншіледі
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында мемлекет басшысы спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті.
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында мемлекет басшысы спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті.

Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
"Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды", – деді Тоқаев.

Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
️Мемлекет басшысы ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орынға шыққанын ел мерейін өсірген елеулі жетістікке балады. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 74 медаль еншіледі. Оның 32-сі – алтын жүлде.
"Осы тамаша жеңіс қазақтың рухы биік, жігері мықты, нағыз жеңімпаз ұлт екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Жалпы, спорттың басты миссиясының бірі – өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу, халықтар достығын нығайту. Бұл дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті. Сайыс нәтижелері әділ болды. Осыған орай, Қырғыз елінің президентіне ризашылығымды білдіремін", – деді Тоқаев.
Осы ретте президент бүкіл әлем түркі халықтарына көз тігіп отырғанын алға тартып, бұл жарысты бірлесе дамытуға шақырды.

Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
Ол "Ұлттық спорт түрлерін дамыту – үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет екенін атап өтті.
"Қазір осы салада жұмыс істейтін отыздан астам арнайы мекеме бар. Астанада Ұлттық спорт университеті ашылды. Бұл оқу орны спорт саласындағы кәсіби кадрларды даярлауға шешуші үлес қосады деп жоспарлап отырмыз. Ең бастысы, ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды. Бүгінде қазақ спортының беделі зор", - деді президент.
Президент 2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары өтетінін айтты. Осы маңызды шаралардың бәрін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет, деді ол.

