Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қанша медаль алды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в официальной церемонии открытия VI Всемирных игр кочевников в Бишкеке
Касым-Жомарт Токаев принял участие в официальной церемонии открытия VI Всемирных игр кочевников в Бишкеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты
АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
Көкпар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы көкпардан күміс жүлде иеленді
Жаңалықтар
0