https://sputnik.kz/20260910/zhsdp-kolik-zhuriguzushilerine-otemaqy-berudi-usyndy-66528126.html
Депутат көлік жүргізушілеріне өтемақы беруді ұсынды
Депутат көлік жүргізушілеріне өтемақы беруді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сапасыз бензинге қатысты арыз-шағымдардың көбейгенін мәлімдеді 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T14:10+0500
2026-09-10T14:10+0500
2026-09-10T14:19+0500
депутаттық сауал
партия
бензин
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33829477_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_7d512fab5d8c36d29b483e0d10245579.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сапасыз бензиннен зардап шеккен көлік жүргізушілеріне өтемақы беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Құрылтайдың бүгінгі отырысында фракция басшысы Асхат Рақымжанов сапасыз бензинге қатысты арыз-шағымдардың көбейгенін мәлімдеді. Осыған байланысты ЖСДП депутаттары мемлекет тарапынан мұнай өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуді талап етті. Ал бензиннің әрбір партиясын QR-кодпен тасымалдау қажет. Сонда көлік жүргізушілері оны сканерлеп, бензиннің қайдан шыққанын және зертханалық бақылаудың нәтижесін көре алады. "Сосын сапасыз бензиннен зардап шеккен азаматтарды қорғаудың нақты механизмін құру қажет. Олар үшін көлік диагностикасы мен жөндеуге кеткен шығындардың өтемақысын қарастырған жөн. Артынан оны кінәлі адамдардан өндіріп алуға болады", - деді Рақымжанов.Фракция бензинді жеткізу тізбегі бойынша да жауапкершілік бекітуді ұсынды.
https://sputnik.kz/20260910/auyl-partiyasy-ukimetke-algashqy-deputattyq-saualyn-zholdady-66527615.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33829477_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_3f279b07ca2dff2f6b4799095a1bcf78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттық сауал, партия, бензин
депутаттық сауал, партия, бензин
Депутат көлік жүргізушілеріне өтемақы беруді ұсынды
14:10 10.09.2026 (жаңартылды: 14:19 10.09.2026) Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сапасыз бензинге қатысты арыз-шағымдардың көбейгенін мәлімдеді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сапасыз бензиннен зардап шеккен көлік жүргізушілеріне өтемақы беруді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрылтайдың бүгінгі отырысында фракция басшысы Асхат Рақымжанов сапасыз бензинге қатысты арыз-шағымдардың көбейгенін мәлімдеді.
"Көлік жүргізушілері шығынға батып отыр. Сапасыз бензиннің салдарынан 200-600 мың теңгеге көлік жөндеуге тура келеді. Бүгінде мемлекеттік органдар бірнеше өңірде талапқа сай келмейтін жанар-жағармайдың сатылғанын да анықтады. Мәселен, Алматыда сапасыз АИ-100 бензині сатылған. Ал Қызылорда облысында көліктерге АИ-95 маркасымен АИ-92 бензинін құйған", - дейді депутат.
Осыған байланысты ЖСДП депутаттары мемлекет тарапынан мұнай өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуді талап етті. Ал бензиннің әрбір партиясын QR-кодпен тасымалдау қажет. Сонда көлік жүргізушілері оны сканерлеп, бензиннің қайдан шыққанын және зертханалық бақылаудың нәтижесін көре алады.
"Сосын сапасыз бензиннен зардап шеккен азаматтарды қорғаудың нақты механизмін құру қажет. Олар үшін көлік диагностикасы мен жөндеуге кеткен шығындардың өтемақысын қарастырған жөн. Артынан оны кінәлі адамдардан өндіріп алуға болады", - деді Рақымжанов.
Фракция бензинді жеткізу тізбегі бойынша да жауапкершілік бекітуді ұсынды.