"Ауыл" партиясы үкіметке алғашқы депутаттық сауалын жолдады

"Ауыл" партиясы үкіметке алғашқы депутаттық сауалын жолдады
Ауыл партиясы үкіметке алғашқы депутаттық сауалын жолдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
Фракция депутаттары қосымша білім беру жағынан ауыл мен қала балаларының мүмкіндіктерін теңестіру мәселесін көтерді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайдағы "Ауыл" фракциясы үкіметке алғашқы депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Фракция депутаттары қосымша білім беру жағынан ауыл мен қала балаларының мүмкіндіктерін теңестіру мәселесін көтеріп отыр. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша 4,1 миллионнан астам оқушы бар. Бірақ ауыл мен қала балаларының спорт, өнер, музыка, робототехника және IT бағыттары бойынша қосымша білім алу мүмкіндіктері бірдей емес.
"Қалада таңдау көп болса, шағын және шалғай ауылдарда ол көбіне санаулы үйірмемен шектеледі. Баланың мүмкіндігі оның мекенжайына байланысты болмауы тиіс", - дейді депутат Шахмардан Байманов.
Оның айтуынша, "Бір ауыл – бірнеше мүмкіндік" қағидатын енгізіп, мектептерді, мәдениет үйлерін, кітапханалар мен спорт нысандарын кеңінен пайдалану қажет. Ал шағын және шалғай ауылдарға мобильді қосымша білім беру жүйесін қарастырған жөн.
"Ауылда жұмыс істейтін қосымша білім педагогтері мен мамандары үшін арнайы ынталандыру тетігін, ал ауылдық және шалғай елді мекендер үшін аумақтық түзету коэффициентін енгізуді ұсынамыз. Бұл ретте шалғайлық, бала саны, мамандарды тарту және көлік-логистикалық шығындар ескерілуі тиіс", - деп атап көрсетті Байманов.
Депутат мектептерте балаларға амандасу әдебін үйретуді ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Депутат мектептерде балаларға амандасу әдебін үйретуді ұсынды
Жаңалықтар
0