https://sputnik.kz/20260910/zhalaqydan-ayyrylady-deputattarga-minberden-tuystaryn-quttyqtauga-tyyym-salyndy-66532204.html
"Жалақыдан айырылады": депутаттарға мінберден туыстарын құттықтауға тыйым салынды
"Жалақыдан айырылады": депутаттарға мінберден туыстарын құттықтауға тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
Бұрын мәжәлістің регламентінде ондай шектеу болмаған 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T15:23+0500
2026-09-10T15:23+0500
2026-09-10T15:40+0500
құттықтау
депутат
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34492874_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_d0a0f2dc12d07216cf0fae3db2fe1a5f.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттарына отырыстар кезінде жұмысқа қатысы жоқ сөздерді айтуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұрын мәжәлістің регламентінде ондай шектеу болмаған. Ал Құрылтайда регламентпен бекітіліп отыр.Оның айтуынша, Құрылтай отырыстарында ғана емес, оның жұмыс консултьтативтік органдарының жиналыстары кезінде де депутаттық өкілеттіліктерге қатысы жоқ мәселелерді қозғауға болмайды.Қандай жаза қарастырылғанҚұрылтай регламентін бұзған депутаттарға шара қолданылады. Олар:Ал ең ауыр жаза - бір күндік жалақыдан айыру.Тағы қандай әрекет үшін жазалауы мүмкінТәртіп бұзу әрекеттерін депутаттық этика жөніндегі кеңес қарайды. Ол жерге арыз-шағымдар да жіберіледі.Этиканы бұзатын әрекеттер:Депутаттық этика жөніндегі кеңес арыз-шағымды қарайды. Ал соңғы шешімді Құрылтай сессиясы қабылдайды.
https://sputnik.kz/20260910/zhsdp-kolik-zhuriguzushilerine-otemaqy-berudi-usyndy-66528126.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34492874_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_dc0bc54fa496cbac2b3d945f06204afc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құттықтау, депутат, жалақы
құттықтау, депутат, жалақы
"Жалақыдан айырылады": депутаттарға мінберден туыстарын құттықтауға тыйым салынды
15:23 10.09.2026 (жаңартылды: 15:40 10.09.2026) Бұрын мәжәлістің регламентінде ондай шектеу болмаған
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттарына отырыстар кезінде жұмысқа қатысы жоқ сөздерді айтуға тыйым салынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұрын мәжәлістің регламентінде ондай шектеу болмаған. Ал Құрылтайда регламентпен бекітіліп отыр.
"Жеке басқа қатысты ештеңе айтуға болмайды, тек өз өкілеттілігі аясында сөйлеуге рұқсат бар", - деді Имашева бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Құрылтай отырыстарында ғана емес, оның жұмыс консултьтативтік органдарының жиналыстары кезінде де депутаттық өкілеттіліктерге қатысы жоқ мәселелерді қозғауға болмайды.
Қандай жаза қарастырылған
Құрылтай регламентін бұзған депутаттарға шара қолданылады. Олар:
кешірім сұрауға міндеттеу;
Құрылтайдың бір отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;
Құрылтайдың үш отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;
депутатты Құрылтайдың бір немесе екі отырысынан шығарып жіберу;
Ал ең ауыр жаза - бір күндік жалақыдан айыру.
Тағы қандай әрекет үшін жазалауы мүмкін
Тәртіп бұзу әрекеттерін депутаттық этика жөніндегі кеңес қарайды. Ол жерге арыз-шағымдар да жіберіледі.
Этиканы бұзатын әрекеттер:
әріптестердің ар-намысына тиетін сөздер айту;
сөз сөйлеу кезінде және БАҚ-та жалған ақпарат тарату;
баяндама жасайтындарға негізсіз ескерту жасау.
Депутаттық этика жөніндегі кеңес арыз-шағымды қарайды. Ал соңғы шешімді Құрылтай сессиясы қабылдайды.