Құрылтай депутаттарының жалақысы қандай

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
Жалақының көлемі әрбір депутаттың еңбек өтіліне қарай төленеді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева депутаттардың жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Құрылтайдың алғашы пленарлық отырысы өтті. Одан кейін журналистердің алдында бірнеше депутат шықты. Сол кезде тілшілер депутаттық корпустың жалақысын сұрады.
Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның айтуынша, жалақының көлемі әрбір депутаттың еңбек өтіліне қарай төленеді.
"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мың мен 1 миллион теңгенің айналасында. Депутаттың еңбек өтілі көп болса, жалақысы 1 миллионға дейін барады", - деді Еспаева.
Айта кетері, 2022 жылы Тоқаев үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялаған болатын. Сол кезде депутаттар 630-650 мың теңге қолға алатынын айтқан. Ал сенат спикеріне үш жыл бұрын 1 млн теңгеден артық жалақы төленген.
Депутаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
"Жалақыдан айырылады": депутаттарға мінберден туыстарын құттықтауға тыйым салынды
Жаңалықтар
0