Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады
09:30 10.09.2026 (жаңартылды: 09:32 10.09.2026)

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жазылу
Бұл шешімдер ЕАЭО елдері шеңберінде тиісті өнімдерді өндіру және сауда үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады.
Мұндай шешім онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.
Атап айтқанда, Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жөніндегі кооперациялық жоба сөз болды. Мұнда қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда коррозия мен от әсерінен қорғау сипаттамалары жоғары лак-бояу материалдарын шығару жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және оның жұмысы биыл басталады.
"Жобаға Беларусьтің "Орион-ВК" ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық "ASYL CONSTRUCTION" ЖШС және ресейлік "АКЗ покрытия" ЖШҚ қатысады", - деді үкіметте.

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Қазақстан тарапынан жобаға инженерлік және құрылыс қызметтерін көрсететін "Элита" ЖШС, ал Беларусь тарапынан "Ремеза" ЖАҚ қатысады. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ.

Казахстанские предприятия примут участие в новых кооперационных проектах ЕАЭС
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданды.
ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады. Бұл жобалар технологиялық дамуға және өндірістің жаңа модельдерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған.

Кеңес отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар құжаттарға да түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізу туралы сөз болды.

Казахстанские предприятия примут участие в новых кооперационных проектах ЕАЭС
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантинге жатқызылатын өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Олар қызанақ, бұрыш және баклажан бейім келетін пепино мозаикасы вирусына қатысты карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.
Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер ЕАЭО елдерінің аумағында тиісті өнімдерді өндіру және саудалау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Кеңес отырысында Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.