https://sputnik.kz/20260909/eaeo-aumagynda-tauar-qozgalysyn-tolyq-qadagalanuyn-qamtamasyz-etu-boyynsha-shara-qabyldandy-66474648.html
ЕАЭО аумағында тауар қозғалысын толық қадағалануын қамтамасыз ету бойынша шара қабылданды
ЕАЭО аумағында тауар қозғалысын толық қадағалануын қамтамасыз ету бойынша шара қабылданды
Sputnik Қазақстан
Комиссия мұндай жүйені енгізу ЕАЭО шеңберіндегі кедендік әкімшілендірудің перспективалы бағыты болып табылатынын атап өтті 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T08:35+0500
2026-09-09T08:35+0500
2026-09-09T11:05+0500
еаэо
тауар
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56625472_0:0:1087:611_1920x0_80_0_0_c8e86b11e72aa0960e22881cf3a29bc1.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық одақ уәкілетті экономикалық операторларға қатысты тауарларды есепке алудың бірыңғай стандартты талаптарын енгізіп жатыр.Комиссия мұндай жүйені енгізу ЕАЭО шеңберіндегі кедендік әкімшілендірудің перспективалы бағыты болып табылатынын атап өтті.Бұл өзгерістердің басты мақсаты – тауарлардың қозғалысын толық қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта кеден органдары компаниялардың нақты бухгалтерлік жазбаларына қашықтан қолжетімділікке ие болады, бұл оларға тауарлар мен бизнес-операцияларға қатысты деректердің дұрыстығын нақты уақыт режимінде тексеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бизнес айтарлықтай жеңілдіктерге ие болады: талаптарды сақтайтын Уәкілетті экономикалық операторлар үшін құжаттық тексерулер саны мен кедендік бақылаудың жалпы ауқымы барынша азайтылады, ал бақылау рәсімдерінің өзі жедел әрі қарапайым болады.Бизнес пен мемлекеттік органдардың жаңа стандарттарға бейімделуіне жеткілікті уақыт беру мақсатында кезең-кезеңімен көшу тәртібі белгіленді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасын 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін үлгілік талаптарға сәйкес келтіруі тиіс."Уәкілетті экономикалық оператор" бағдарламасы – халықаралық сауданы жеделдетуге және жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кеден мен бизнес арасындағы серіктестіктің халықаралық стандарты. Бұл мәртебе тиісті тексеруден өткен және тәуекел деңгейі төмен компанияларға беріледі. Оны алудың негізгі талабы – кедендік декларация деректерін нақты бизнес-операциялармен салыстыруға мүмкіндік беретін және кеден органдарына осы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін тиісті есепке алу жүйесін жүргізу.
https://sputnik.kz/20260908/eaeo-elderindegi-naqty-zhalaqy-osimi-qanday---infografika-66470876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56625472_68:0:1028:720_1920x0_80_0_0_642613fec1d7b55a1ad735fb6ce249dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, тауар
ЕАЭО аумағында тауар қозғалысын толық қадағалануын қамтамасыз ету бойынша шара қабылданды
08:35 09.09.2026 (жаңартылды: 11:05 09.09.2026) Комиссия мұндай жүйені енгізу ЕАЭО шеңберіндегі кедендік әкімшілендірудің перспективалы бағыты болып табылатынын атап өтті
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық одақ уәкілетті экономикалық операторларға қатысты тауарларды есепке алудың бірыңғай стандартты талаптарын енгізіп жатыр.
Комиссия мұндай жүйені енгізу ЕАЭО шеңберіндегі кедендік әкімшілендірудің перспективалы бағыты болып табылатынын атап өтті.
"Жаңа талаптар ұлттық заңнаманы үйлестіруге және ЕАЭО аумағындағы барлық уәкілетті экономикалық операторлар үшін тең жағдай жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл талаптар операторлар үшін сауданы жеңілдету шараларын болашақта кеңейтуге негіз қалайды", – деді ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляев.
Бұл өзгерістердің басты мақсаты – тауарлардың қозғалысын толық қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта кеден органдары компаниялардың нақты бухгалтерлік жазбаларына қашықтан қолжетімділікке ие болады, бұл оларға тауарлар мен бизнес-операцияларға қатысты деректердің дұрыстығын нақты уақыт режимінде тексеруге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, бизнес айтарлықтай жеңілдіктерге ие болады: талаптарды сақтайтын Уәкілетті экономикалық операторлар үшін құжаттық тексерулер саны мен кедендік бақылаудың жалпы ауқымы барынша азайтылады, ал бақылау рәсімдерінің өзі жедел әрі қарапайым болады.
"Бірыңғай стандарттарға көшу Одаққа мүше елдердегі қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесіндегі айырмашылықтарға байланысты қажет болып отыр. Бұл бастаманы кеден органдары да, бизнес қоғамдастығы да қолдады", - деді Шкляев.
Бизнес пен мемлекеттік органдардың жаңа стандарттарға бейімделуіне жеткілікті уақыт беру мақсатында кезең-кезеңімен көшу тәртібі белгіленді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасын 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін үлгілік талаптарға сәйкес келтіруі тиіс.
"Уәкілетті экономикалық оператор" бағдарламасы – халықаралық сауданы жеделдетуге және жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кеден мен бизнес арасындағы серіктестіктің халықаралық стандарты. Бұл мәртебе тиісті тексеруден өткен және тәуекел деңгейі төмен компанияларға беріледі. Оны алудың негізгі талабы – кедендік декларация деректерін нақты бизнес-операциялармен салыстыруға мүмкіндік беретін және кеден органдарына осы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін тиісті есепке алу жүйесін жүргізу.