Елімізде дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаЕлімізде дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды
Елімізде дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған жұмсақ бидайдың 93%-ы азық-түлік класына жатады
АСТАНА, 10 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық диқандар маусымдағы егін жинау және ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып келеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар жинаған, бұл жалпы көлемнің 61,6%-ы. Бүгінде орташа өнімділігі гектарынан 14,1 центнер болатын 13,5 млн тонна астық бастырылды.

"Биылғы егін жинау жұмыстарының қарқыны 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен едәуір озық тұр. Орылған астықтың сапасы да бірдей. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық келіп түсті", - дейді министрлік.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған жұмсақ бидайдың 93%-ы азық-түлік класына жатады.

Азық-түлікке арналған бидай құрылымында 75%-ын үшінші сыныпты бидай, 18%-ын төртінші сыныпты бидай құрайды. Бесінші сыныпты бидай мен сыныпқа жатпайтын астықтың үлесі – 7%.

"Бұл көрсеткіштер жаңа егіннің азық-түліктік әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, ішкі нарықты сапалы астықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасайды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, астық жинау, қабылдау және сақтау қарқынын, оның сыныптылығын, сондай-ақ шаруашылықтардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда.
Токаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды
Жаңалықтар
0