Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды

© Photo : АкордаТокаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области
Токаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Дәнді және майлы дақылды кептіруге алдын ала 60 мың тонна сұйытылған газ бөлінген
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақыл.
"Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды", - деді ол.
Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Негізгі астық егілетін өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған дизель отынының бір литрінің құны 305-310 теңге. Бұл нарықтық бағадан 10%-ға төмен. Бүгінгі таңда өңірлерге 65,8 мың тонна отын жөнелтілді.
Дәнді және майлы дақылды кептіруге алдын ала 60 мың тонна сұйытылған газ бөлінген.
Отырыста астық қоймасының дайындығына ерекше назар аударылды. Жалпы сақтау қуаты 30,7 млн тонна болса, ағымдағы жүктеме 2,4 млн тонна (17%).
Алдағы уақытта жаңа жиын-терім науқаны басталатынын ескере отырып, Серік Жұманғарин әкімдіктерге Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, қоймаларды босату жұмысын тездетуді тапсырды.
"Жиын-терім науқаны кезінде уақыт қыспас үшін астық пен майлы дақылды кептіруге қажетті газ бен дизель отыны әзір болуға тиіс. Жылжымалы құрам жеткілікті мөлшерде болып, өнімді сақтайтын астық қоймаларын уақтылы босату қажет", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ төрт қант зауыты орналасқан Жамбыл облысы мен Жетісуда қант қызылшасын жинауға дайындық мәселесі де қаралды. Қазіргі уақытта Көксу қант зауытын қуаттылығы тәулігіне 2 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін арттырып, жаңғырту жүргізілп жатыр.
Тараз қант зауытында қуаттылығы тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өңдеу бойынша жаңа желіні іске қосу-баптау жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарды қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. 2027 жылға қарай Ақсу зауытының қуатын тәулігіне 4,5 мың тоннаға, Көксу зауытының қуатын 5 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.
Қазақстанда егін ору науқаны басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Өңірлерде егін жинау науқаны басталды
Жаңалықтар
0