Өңірлерде егін жинау науқаны басталды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиҚазақстанда егін ору науқаны басталды
Қазақстанда егін ору науқаны басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Аграршыларға мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу көзделген
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Елімізде егін орағы науқаны басталды, деп хабарлайды Ауыл ашруашылығы министрлігі.
Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті.
Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқан.

"Бүгінгі таңда 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (12,2 ц/га) 1,7 есе жоғары", - делінген хабарламада.

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша да оң үрдіс сақталып отыр. Атап айтқанда, бидайдың жалпы түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнерді құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш гектарына 13,7 центнер болған.
Егін орағы науқанын уақытылы әрі сапалы өткізу үшін аграршылар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар. Сондай-ақ мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу көзделген, дейді министрлік
Солтүстік Қазақстанда студенттер егін жинау науқаны кезінде 1 млн теңге табыс тапқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Солтүстік Қазақстанда студенттер егін жинау науқаны кезінде 1 млн теңге табыс тапқан
Жаңалықтар
0