Астанада құрылыс компаниясының төрт қызметкері тұрғындардан заңсыз 2,2 млрд ақша тартқан
Жазылу
Сот шешімімен жәбірленушілерге жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны берілді
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек - Sputnik. Елордада "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті алаяқтықпен сатқандар сотталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Сот "International Invest Company IIC" ЖШС-нің төрт қызметкерін кінәлі деп танып, оларды 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сотталғандар сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын әрі сатып алушыларға меншік құқығын бермейтін брондау шарттарын, кепілақы туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген.

"Сату кеңсесінде серіктестік атынан әлеуетті сатып алушыларға нысандардың макеттері, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар дегенді растайтындай анықтамалар көрсетілген", - дейді агенттік.
Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және автотұрақ орындарын нарық бағасынан төмен бағаға сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толықтай заңды екеніне сендірген.
Жәбірленушілер төлемді қолма-қол да, алаяқтық сызбаға қатысушылардың жеке шоттарына аудару арқылы да жүргізген.
Жәбірленушілер төлемді қолма-қол да, алаяқтық сызбаға қатысушылардың жеке шоттарына аудару арқылы да жүргізген.
"Бұл операциялар "International Invest Company IIC" ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында көрсетілмеген. Бұдан бөлек, сотталғандар құрылыс салушы компанияның өз қаражатын жымқыруға бағытталған екінші алаяқтық сызбаны да іске асырған", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар "International Invest Company IIC" ЖШС атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығын тіркеген. Алайда сатудан түскен ақша компанияның кассасына түспеген.
Сот 35 жәбірленушінің жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын талап арыздарын қанағаттандырды. Сондай-ақ серіктестік пайдасына 3,9 млрд теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Жәбірленушілерге жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны берілді.