https://sputnik.kz/20260302/astanada-turgyn-uy-keshenindegi-paterler-eki-adamga-satylgan-61535050.html
Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бірден екі адамға сатылған
Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бірден екі адамға сатылған
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T10:26+0500
2026-03-02T10:26+0500
2026-03-02T10:39+0500
астана
баспана
прокуратура
https://sputnik.kz/img/260/70/2607093_0:219:4256:2613_1920x0_80_0_0_2c9ee2d49a0444d61344c6b2c9c0d203.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астана прокуратурасы "Qyran" тұрғын үй кешенінде екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, "Qyran" тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы адал азаматтарды алдағаны анықталды.Қызметкерлер "International Invest Company IIC" ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен.Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты.Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды.Үш күдіктіге қатысты "қамауда ұстау", төртіншісіне "кепіл" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
https://sputnik.kz/20251225/astana-turgyny-quny-23-mlrd-tengeden-asatyn-paterlerdi-zansyz-iemdengen-59918650.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/260/70/2607093_241:0:4017:2832_1920x0_80_0_0_f6eeb07eeb9d6b5eefcc21ee15417f6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, баспана, прокуратура
астана, баспана, прокуратура
Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бірден екі адамға сатылған
10:26 02.03.2026 (жаңартылды: 10:39 02.03.2026) Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астана прокуратурасы "Qyran" тұрғын үй кешенінде екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, "Qyran" тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы адал азаматтарды алдағаны анықталды.
Қызметкерлер "International Invest Company IIC" ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен.
Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.
"Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.
Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты.
Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды.
Үш күдіктіге қатысты "қамауда ұстау", төртіншісіне "кепіл" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.