https://sputnik.kz/20251225/astana-turgyny-quny-23-mlrd-tengeden-asatyn-paterlerdi-zansyz-iemdengen-59918650.html
Құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі анықталды
Құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі анықталды
Sputnik Қазақстан
80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған 25.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-25T09:17+0500
2025-12-25T09:17+0500
2025-12-25T09:20+0500
астана
пәтер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/786/87/7868727_0:182:3501:2151_1920x0_80_0_0_79b1d16d1ccffd9b7ceced7594f3231b.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады.2014–2016 жылдары ер адам "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.Пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен Астана қаласының әкімдігі тарапынан аяқталған.Салдарынан 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған. Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20251218/turkistan-oblysynda-uy-aulasyndagy-saraydan-40-qap-nasybay-onimi-anyqtaldy-59705636.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/87/7868727_194:0:3305:2333_1920x0_80_0_0_071bd453b018bbba5ea81494bf2f6b85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, пәтер, алаяқтық
Құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі анықталды
09:17 25.12.2025 (жаңартылды: 09:20 25.12.2025) 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг
агенттігі әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады.
2014–2016 жылдары ер адам "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен Астана қаласының әкімдігі тарапынан аяқталған.
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін ер адам жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема "өткен күнмен рәсімделген" жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.
Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған. Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.