https://sputnik.kz/20260910/6-zhyl-buryn-bas-tartqan-zhambyl-oblysynda-er-adam-ake-murasyn-daulap-sotta-zhenildi-66538615.html
6 жыл бұрын бас тартқан: Жамбыл облысында ер адам әке мұрасын даулап, сотта жеңілді
6 жыл бұрын бас тартқан: Жамбыл облысында ер адам әке мұрасын даулап, сотта жеңілді
Sputnik Қазақстан
Талап қоюшы мен оның әпкесі мұрадан ағасының пайдасына бас тартқан 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T20:32+0500
2026-09-10T20:32+0500
2026-09-10T20:32+0500
жамбыл облысы
сот шешімі
мұрагер
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ер адам мұрадан бас тартып, бірақ оны даулау үшін 6 жылдан кейін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.Сотқа жүгінген ер адамның әкесі 2020 жылы ақпанда қайтыс болған. Әкесінен тұрғын үй, жер учаскесі және ВАЗ 21093 автокөлігі түріндегі мұра қалған. Талап қоюшы мен оның әпкесі мұрадан ағасының пайдасына бас тартқан. Ағасы оны қабылдап, бірақ әкесінің көзі тірі кезінде мұрагерлік құқығы туралы куәлікті рәсімдеп үлгерместен биыл наурызда қайтыс болған. Бұған дейін мұрагерлік керек болмаған талап қоюшы ойынан айтып сотқа жүгінген.Мұрагерлік даулаған ер адам сотта нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде алдау, мәжбүрлеу немесе адасу туралы ешқандай дәлел келтіре алмаған. Өз шешімін өзгерту мұрадан бас тартуды жоюға негіз бола алмайды, дейді сотта."Бұдан бөлек, ағасы қайтыс болғаннан оның жұбайы, кәмелетке толмаған екі баласы және анасы кейін бірінші кезектегі мұрагерлер болып танылады. Талап қоюшы қайтыс болған адамның ағасы ретінде мұрагерліктің екінші кезегіне жатады", - дейді Жамбыл облыстық соты.Қысқасы, алты жыл уақытты өткізіп алған ер адам сол күйі мұрагер бола алмады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260723/qostanayda-ayel-erin-plastikasynan-keyin-sotqa-zhuginuge-mazhbur-boldy-65118017.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сот шешімі, мұрагер
жамбыл облысы, сот шешімі, мұрагер
6 жыл бұрын бас тартқан: Жамбыл облысында ер адам әке мұрасын даулап, сотта жеңілді
Талап қоюшы мен оның әпкесі мұрадан ағасының пайдасына бас тартқан
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ер адам мұрадан бас тартып, бірақ оны даулау үшін 6 жылдан кейін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.
Сотқа жүгінген ер адамның әкесі 2020 жылы ақпанда қайтыс болған. Әкесінен тұрғын үй, жер учаскесі және ВАЗ 21093 автокөлігі түріндегі мұра қалған. Талап қоюшы мен оның әпкесі мұрадан ағасының пайдасына бас тартқан. Ағасы оны қабылдап, бірақ әкесінің көзі тірі кезінде мұрагерлік құқығы туралы куәлікті рәсімдеп үлгерместен биыл наурызда қайтыс болған. Бұған дейін мұрагерлік керек болмаған талап қоюшы ойынан айтып сотқа жүгінген.
"Талап қоюшы мұрадан бас тартқан кезде оның салдары туралы түсінбегенін, ал нотариус мүлікті рәсімдеу тәртібін дұрыс түсіндірмегенін айтып сотқа жүгінді. Талап қоюшы сондай-ақ 2010 жылдан бері ата-анасының үйінде тұрып, оны күтіп-ұстап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп және абаттандырып келе жатқанын түсіндірді", - дейді сотта.
Мұрагерлік даулаған ер адам сотта нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде алдау, мәжбүрлеу немесе адасу туралы ешқандай дәлел келтіре алмаған. Өз шешімін өзгерту мұрадан бас тартуды жоюға негіз бола алмайды, дейді сотта.
"Бұдан бөлек, ағасы қайтыс болғаннан оның жұбайы, кәмелетке толмаған екі баласы және анасы кейін бірінші кезектегі мұрагерлер болып танылады. Талап қоюшы қайтыс болған адамның ағасы ретінде мұрагерліктің екінші кезегіне жатады", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Қысқасы, алты жыл уақытты өткізіп алған ер адам сол күйі мұрагер бола алмады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.